Инвестициялық мүмкіндіктер

размер шрифта: Aa | Aa

alt

Қазақстан Республикасы шет ел инвесторларына үлкен қызығушылық туғызады.  Қазақстан нарығының инвестициялық тартымдылығын Қазақстанның стратегиялық орналасуы, сондай-ақ ішкі саяси жағдайының тұрақтылығы мен заңнамалық базаға сәйкестігі,  нарық аумағы,  табиғат ресурстарына  қолжетімділік жиынтығы қамтамасыз етеді. Бірақ инвестицияға қажеттілік әлі де бар болғандықтан, Қазақстан инвестиция тартуға бұрынғыдай мүдделі.

Қазіргі уақытта инвестицияның басым бағыттары отын-энергетикалық кешен, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым (көлік, телекоммуникация, әлеуметтік инфрақұрылымды қоса есептегенде) болып табылады.

Шет ел капиталын тартудың перспективалы формалары – қаржылық лизинг, шетелдік компанияларға  ірі кәсіпорындардың акциясын сату, шет ел инвестицияларын венчурлік өндіріске тарту(мемлекеттің үлеске кіруімен немесе үкіметтік  кепілмен).