Баспасөз -релиздер

KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Әсет МАҒАУОВ Сыртқы істер министрлігінің "Қазақстан Республикасының дипломаттық қызметіне 25 жыл" естелік медалімен марапатталды

PDF Баспаға жіберу E-mail
27.12.2017 09:53

Осы награда Әсет Мағауовқа Қазақстан-Тәжікстан экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссиясының, сонымен қатар Қазақстан-Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық саласындағы  комитеттің тең төрағасы дәрежесінде атқарған  еңбегі үшін берілді.

 

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

PDF Баспаға жіберу E-mail
16.12.2017 11:17
16_
 

«Мұнай-газ саласына арналған инновациялар» ғылыми-техникалық кеңесінің 20-шы мәжілісі

PDF Баспаға жіберу E-mail
13.12.2017 11:04

12-желтоқсанда  KAZENERGY қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңесінің 20-шы мәжілісі KAZENERGY қауымдастығы Трағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННІҢ төрағалық етуімен «Мұнай-газ саласына арналған инновациялар» деген тақырыппен өтті.

 

5-желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында (Алматы қ.) «Индустриалдық және ғылыми химия: химия туралы білім болашақта қалай өзгереді?» тақырыбында «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу» шеберлік кластары сериясының бірінші күні өтті

PDF Баспаға жіберу E-mail
06.12.2017 13:24

DSC_9994

Бұл шараны «KAZENERGY» қауымдастығы және  «Шелл Қазақстан» компаниясы ұйымдастырды.

 

Әсет МАҒАУОВ KAZENERGY қауымдастығының бас директоры қызметіне тағайындалды

PDF Баспаға жіберу E-mail
04.12.2017 10:51

KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы ҚҰЛЫБАЕВ Тимур Асқарұлының бұйрығымен МАҒАУОВ Әсет Маратұлы 2017 жылғы 4-желтоқсанда «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бас директоры қызметіне  тағайындалды.

 

«KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі

PDF Баспаға жіберу E-mail
29.11.2017 16:23

2017 жылғы 23-24 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президенті С.С.Әбденовтың төрағалық етуімен Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) мәжілісі өтті.  

Мәжіліске Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен қатар шақырылғандар дәрежесінде мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіби одағының өкілдері қатысты.

Үйлестіру кеңесінің мәжілісі шеңберінде бірқатар мәселелер, атап айтқанда салалық кәсіби стандарттарды әзірлеу және Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы салаларының салалық келісімінде ең төменгі тарифтік мөлшерлемелерді бейнелеу туралы мәселелер  қаралды.

Үйлестіру кеңесіне қатысушылар  ең төменгі тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу және 2017-2019 жылдарға арналған Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы салаларының салалық келісімінің мазмұнына өзгерістер енгізу тәсілдерін талқылауға ұсынды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2016 жылы әлеуметтік серіктестік тараптары әлеуметтік өзара әрекеттестік бөлігінде 2017-2019 жылдарға арналған Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы салаларының салалық келісімін (бұдан әрі – Салалық келісім) әзірлеу және қол қою бойынша  жұмыстарды жүргізгенін атап көрсетті. Үйлестіру кеңесіне қатысушыларға Ақтөбе, Қызылорда, Ақтау қалаларында салалық келісімнің ережелерін  түсіндіру бойынша 2017 жылы өткізілген семинар-кеңестер туралы ақпарат жарияланды. Әлеуметтік серіктестік тараптары өңірлерде жүргізілген жұмыстарды  өңірлер үшін әлеуметтік серіктестікті нығайтуға қажетті маңызды шара деп мақұлдады. Сонымен бірге салалық комиссияның көшпелі кездесулері мен мәжілістерінде   қызметкерлер еңбекақы төлеу жүйесі тақырыбын талқылауды жалғастырды. Үйлестіру кеңесінің мүшелері әлеуметтік серіктестік тараптарын кеңінен тарта отырып осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет деп шешті.  

Ernst&Young  компаниясының өкілдері «Қазақстанда кәсіби стандарттарды әзірлеу» деген тақырыпта семинар өткізді. Қазақстанда кәсбіи стандарттарды әзірлеудің алғышарттары туралы, Қазақстанның ұлттық біліктілік жүйесі туралы, Қазақстанда кәсіби стандарттарды әзірлеу әдістемесі жобасы туралы және Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін кәсіби стандарттар әзірлеу туралы  ақпарат алу мүмкіндігіне байланысты осы тақырыпқа қызығушылық артып отыр.

«KAZENERGY» қауымдастығы кәсіби стандарттарды әзірлеу әдістемесімен қауымдастық мүшелерін таныстыру бойынша осы шараны кәсіби стандарттар мәселесінің саладағы маңыздылығын жете түсіндіру үшін өткізіп отыр. Қауымдастық салада Үйлестіру кеңесі мақұлдаған кәсіби стандарттарды әзірлеудің алдын ала жоспарын құрды. 

IMG_5836_1

IMG_5841

 

Үкіметтің қаулысымен Болат АҚШОЛАҚОВ Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды

PDF Баспаға жіберу E-mail
28.11.2017 18:02

Үкіметтің қаулысымен Болат Оралұлы АҚШОЛАҚОВ Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің https://primeminister.kz ресми сайты.

 

KAZENERGY қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы 2017 жылы 5 және 6 желтоқсанда (9.30-дан 13.00 дейін) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында (Алматы қ.) Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Кәсіпқойлармен сұх

PDF Баспаға жіберу E-mail
28.11.2017 14:43

KAZENERGY қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы 2017 жылы 5 және 6 желтоқсанда (9.30-дан 13.00 дейін) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында (Алматы қ.) Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу» форматында келесі бағыттар бойынша шеберлік класс сериясын өткізеді: индустриалдық және ғылыми химия, ғылымды және жобаларды коммерциялау, жұмысқа орналасудың қыр-сыры.

Шеберлік кластарында танымал ғалымдармен, көпжылдық жұмыс  тәжірибесі бар сарапшылармен көрсетілген үш бағыт бойынша кездесу өтпек.

Шеберлік кластарының бағдарламалары бойынша тыңдаушылар төмендегі сұрақтарға жауап ала алады:

-         қазіргі заманғы ғылымның, Қазақстандағы ғылыми қызметтердің ерекшеліктерінің даму алғышарттары;

-         химия өндірісін дамыту перспективасы және оның қазіргі жай-күйі;

-         ғылыми жобаларды ынталандыру көзі;

-         мұнай-газ индустриясындағы жаңа технолгиялар;

-         ғылыми әзірлемелерді күнделікті өмірге ендіруді қолдайтын нарықтық механизмдер;

-         химия саласындағы келешек мамандықтар;

-         шақырылған спикерлердің табыс жолының тарихы;

сонымен қатар кәсіпқойлардан жұмысқа орналасу мәселелері бойынша рекрутинг саласында мынадай кеңестер алады:

-         сұхбатқа қалай дайындалу және түйіндемені қалай жазу керек; 

-         әлеуметтік желілерде өзін-өзі қалай таныстыру керек (үлгілерді талқылау).

Биыл IX KAZENERGY Жастар форумы (KAZENERGY қауымдастығының адами капиталды дамыту бойынша қызметтері) және «Шелл Қазақстан» компаниясының STEM (ғылым, технология, инжиниринг және математик саласындағы білім беру) саласындағы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның техникалық университеттерінің студенттерін ерекше және инновациялық идеяларға тартуға бағытталған  «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне және болашақ энергиясы тақырыбына орайластырылған «Student Energy Challenge» сынақтық интеллектуалдық байқауы өткізілді.

Байқаудың қорытындысында үш жеңімпаз команда анықталды:

–         «Synergy», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 1-орын;

–         «NU Arlans», Назарбаев Университеті, 2-орын;

–         «Шығармашылық Одақ», М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 3-орын.

Жеңімпаздарға «Шелл Қазақстан» компаниясынан  10 000, 5 000 және 3 000 Евро көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ақшалай сыйлықпен бірге ұйымдастырушылар жеңімпаз команда университетінде студенттерге арналған «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу»  форматында шеберлік кластарын өткізеді.   

Шеберлік класына келіңіздер!

«Кәсіпқойлармен сұхбаттасу» шеберлік класының бағдарламасы

 

ЖАМБОЛАТ СӘРСЕНОВ ВЕНГРИЯНЫҢ «РЫЦАРЬЛЫҚ КРЕСТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

PDF Баспаға жіберу E-mail
21.11.2017 15:32

Алматы, 2017 ж. 20-қараша

Венгрия  Президенті Янош АДЕР Венгрияның құрметті елшісі, Венгрия-Қазақстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат СӘРСЕНОВТЫ венгрия-қазақстандық экономикалық және сауда байланыстарын дамытқаны үшін, венгриялық бизнес мүддесін, сонымен қатар мәдени-тарихи қарым-қатынастарды сақтау бойынша мүдделерді  алға бастырғаны үшін «Рыцарьлық Крест» орденімен марапаттады.  

 

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова KAZENERGY Ханымдар Энергетикалық Клубының және Атырау облысы мұнай компанияларының өкілдерімен кездесті

PDF Баспаға жіберу E-mail
02.11.2017 16:42

2017-ж. 30-қазанда «Теңізшевройл» ЖШС алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың  KAZENERGY Ханымдар Энергетикалық Клубының және Атырау облысы мұнай компанияларының өкілдерімен кездесуі өтті. Атырау облысының Әкімі Нұрлан Ноғаев шараның модераторы болды.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL