Баспасөз -релиздер

KAZENERGY қауымдастығы және Мұнай-газ өндірісінің инженерлер қоғамы (SPE) өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Қол қою салтанаты Астанада 2016 ж. 1-қарашада өткен Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы және Астанадағы SPE

PDF Баспаға жіберу E-mail
03.11.2016 17:10

KAZENERGY қауымдастығы және Мұнай-газ өндірісінің инженерлер қоғамы (SPE)  өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.  Қол қою салтанаты Астанада 2016 ж. 1-қарашада өткен Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы  және Астанадағы SPE көрмесі барысында өтті.   

Бұл  құжатта «мұнай және газ кен орындарын барлау, игеру және пайдалану саласындағы техникалық ақпаратпен алмасу, мамандарды  кәсіби шеберлігін арттыру және білімдерін жетілдіру  мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету», сонымен қатар салалық компания-операторлармен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

 

2016 жылы 31-қазанда Астанада KAZENERGY қауымдастығы Дүниежүзілік мұнай кеңесімен (ДМК) бірлесіп ұйымдастырған «Жергілікті үлесті дамыту және интеграциялық процестер» сарапшылық семинары өтті

PDF Баспаға жіберу E-mail
01.11.2016 18:55

ЖЕРГІЛІКТІ ҮЛЕСТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ

ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР     

 

 

2016 жылы 31-қазанда Астанада KAZENERGY қауымдастығы Дүниежүзілік мұнай кеңесімен (ДМК) бірлесіп ұйымдастырған «Жергілікті үлесті дамыту және интеграциялық процестер» сарапшылық семинары өтті

 

Мәжіліске министрліктер, агенттіктер, ұлттық және халықаралық компаниялар, салалық қауымдастықтардың және т.б. өкілдері қатысты.  Іс-шараның ашылуында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Президенті Йозеф Тот,  KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары,  ДМК Президентінің арнайы кеңесшісі Жамболат Сәрсенов сөз сөйледі.

 

Биылғы жылдың 18-қазанында Баку қ. (Әзірбайжан Республикасы) БҰҰ бесаймақтық комиссиясының қолдауымен БҰҰ ЕЭК 7-ші тұрақты энергетика жөніндегі форумы өтті.

PDF Баспаға жіберу E-mail
21.10.2016 10:45

Биылғы жылдың 18-қазанында  Баку  қ. (Әзірбайжан Республикасы) БҰҰ бесаймақтық комиссиясының қолдауымен БҰҰ ЕЭК 7-ші тұрақты энергетика жөніндегі форумы өтті.

Форум жұмысына ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм  Мырзағалиевтің бастауымен қазақстандық делегация қатысты. KAZENERGY қауымдастығы атынан форумға бас директор Болат Ақшолақов және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі атқарушы директор Рамазан  Жампейісов барды.

 

Қазақстан Республикасындағы сұйытылған табиғи газды пайдалану мүмкіндіктері мен перспективасы

PDF Баспаға жіберу E-mail
16.09.2016 12:11

Соңғы он жылда сұйытылған табиғи газдың (СТГ) жаһандық нарығы дүниежүзілік энергия балансына  ықпал ете отырып,  қарқындап дамып келеді. Таяудағы болашақта СТГ ең бәсекеге қабілетті сектор ретінде қарастырылмақ.  СТГ саласын  дамыту  қаншалықты тиімді  және оның қандай  басымдықтары бар? СТГ бойынша жобалар еліміз үшін қаншалықты рентабельді? Осы тақырыптар Chemtex және Black & Veatch жетекші халықаралық компанияларымен бірлесіп KAZENERGY қауымдастығы ұйымдастырған Астанадағы мамандандырылған семинарда талқыланды. Ортақ  алаңда ҚР Энергетика министрлігінің, меморгандардың, әртүрлі компаниялардың сарапшы өкілдері жиналды.

 

Ағымдағы жылғы тамыз айында KAZENERGY Ассоциациясы мүшелерінің тізімі жаңа екі компаниямен толықты: «OMV Petrom S.A.» және ChinaPetrochemicalCorporation (ЧайнаПетрокемикалКорпорейшн) Компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

PDF Баспаға жіберу E-mail
17.08.2016 10:20

Ағымдағы жылғы тамыз айында KAZENERGY Ассоциациясы мүшелерінің тізімі жаңа екі компаниямен толықты: «OMV Petrom S.A.» және ChinaPetrochemicalCorporation (ЧайнаПетрокемикалКорпорейшн) Компаниясының Қазақстан Республикасындағы  өкілдігі, бұл бизнес пен өкімет арасындағы диалогты ұйымдастыру, мемлекет пен энергетикалық компаниялар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету бойынша Ассоциация таңдаған стратегияның табыстылығының кезекті дәлелі болып табылады.

KAZENERGY-дің жаңадан келген мүшелері Қазақстан Республикасының жер аумағында мұнай-газ жобаларын табысты түрде жүзеге асыруда.

 Мысалы, «OMVPetromS.A.» - қолданыстағы 4 жер үсті кен орындарының операторы болып табылады: «Тасболат», «Түркменой», «Ақтас» және «Комсомольское». Төрт кен орнының бәрі

16-1.08.16

 «OMVPetromS.A.» қолданыстағы 4 жерүсті кен орындарына - «Тасбулат», «Туркменой», «Актас» және «Комсомольское» - ие. Барлығы да ҚР Маңғыстау ауданында орналасқан.

16.08.16

«ChinaPetrochemicalCorporation» (SINOPEC, China/СИНОПЕК, ҚХР) – мұнай және газ барлайтын, өндіретін, тасымалдайтын, жеткізетін және қайта өндірумен, сонымен қатар, химиялық, мұнай-химиялық өнімдерін дайындау және сатумен айналысатын сатылас біріккен мұнай-химиялық корпорация. Бұл компанияның өкілдері Орталық Азияда оның мүдделерін қорғайды.

 

Энергетика болашағы және жапондық технологиялар

PDF Баспаға жіберу E-mail
29.06.2016 00:00

13516538_1270982832927028_3292606197112043707_n

Қазақстан-жапон энергетикалық және өндірістік әрекеттестігін дамыту

Әлемде энергетика индустриясын дамытуда жоғары технологиялық тәсілдер мен инновациялар маңызды жол болып отыр.  Бүгінде жаңа технологияларға, инновациялық әзірлемелерге  және оларды қолдану тәжірибесіне көп көңіл бөлінуде.   

2016 ж. 28-шілдеде Астана қ.  (Radisson қонақүйі) Жапондық сауда жөніндегі қауымдастығымен (ROTOBO) бірлесіп KAZENERGY қауымдастығы қоса ұйымдастырушысы болған «Энергетика болашағы және жапондық технологиялар»  тақырыбында қазақстан-жапон энергетикалық және өндірістік әрекеттестігін дамыту жөнінде семинар өтті. Семинарға меморгандар, ұлттық және халықаралық компаниялар, бірлестіктер және басқаларының өкілдері қатысты. Бұл іс-шара екіжақты бизнес және ғылыми-зерттеу байланыстарын нығайтуға бағытталды және Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылдың күзіндегі Жапонияға сапары қарсаңында өткізіліп отыр.

 

2016 ж. 22-ақпанда KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесіне даярлық жөнінде мәжіліс өтті.

PDF Баспаға жіберу E-mail
23.02.2016 16:42
IMG_4057

2016 ж. 22-ақпанда  KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесіне даярлық жөнінде мәжіліс өтті.  Мәжіліске «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқармасының Бірінші төрағасы  Ә.Х.Пірметов, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Б.О.Ақшолақов, қауымдастықтың мүше компаниялары қатысты.

 

Энергетиканың даму болжамдары жөніндегі IEA-IEF-OPEC VI Симпозиумы, Эр-Рияд (Сауд Арабиясы)

PDF Баспаға жіберу E-mail
19.02.2016 16:15

6th

16 ақпанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) KAZENERGY қауымдастығының өкілдері қатысқан Энергетиканың даму болжамдары жөніндегі IEA-IEF-OPEC VI Симпозиумы өтті

Маңызды әрі ықпалды осы шараны Халықаралық энергетикалық форум (ХЭФ, IEF) Халықаралық энергетикалық агенттікпен (ХЭА, IEA)  және Мұнайды экспорттаушы елдердің ұйымымен (OPEC) бірлесіп жыл сайын   өткізеді. Симпозиум барысында  ХЭФ тапсырысымен Duke University Energy Initiative  ХЭА және OPEC деректеріне сай  әзірленген энергетиканың даму болжамдарының салыстырмалы талдауы бойынша есеп ұсынды.

 

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің мәжілісі туралы

PDF Баспаға жіберу E-mail
09.02.2016 17:19
IMG_4002

2016 жылғы 09 ақпанда  Д.Р Абылғазиннің төрағалық етуімен «Атамекен»  Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) кезекті мәжілісі өтті.

 

«Челябинск құбыр жасау зауыты» ААҚ «KAZENERGY» қауымдастығы мүшелерінің құрамына кірді

PDF Баспаға жіберу E-mail
04.02.2016 18:09

2015  жылғы 25-желтоқсанда «Челябинск құбыр жасау зауыты»  ААҚ  «KAZENERGY» қауымдастығы мүшелерінің құрамына кіріп,  оның 84-мүшесі болды.

ЧҚЖЗ Ресейдің құбыр өнімін өндіретін ірі компаниясының  бірі болып табылады, оның нарықтағы жалпы үлесі 20 % құрайды  және  ол әлемдегі ең ірі құбыр компанияларының  алғашқы ондығына кіреді. Металлургиялық кешеннің өнеркәсіп тобына қара металлургия кәсіпорындары мен компаниялары,  металл-сауда филиалдары, магистралдық және сорап жабдықтарын өндіретін зауыттар, мұнай-сервис кәсіпорындары кіреді.   

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL