KAZENERGY қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы 2017 жылы 5 және 6 желтоқсанда (9.30-дан 13.00 дейін) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында (Алматы қ.) Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Кәсіпқойлармен сұх

размер шрифта: Aa | Aa
28.11.2017 14:43

KAZENERGY қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы 2017 жылы 5 және 6 желтоқсанда (9.30-дан 13.00 дейін) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында (Алматы қ.) Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу» форматында келесі бағыттар бойынша шеберлік класс сериясын өткізеді: индустриалдық және ғылыми химия, ғылымды және жобаларды коммерциялау, жұмысқа орналасудың қыр-сыры.

Шеберлік кластарында танымал ғалымдармен, көпжылдық жұмыс  тәжірибесі бар сарапшылармен көрсетілген үш бағыт бойынша кездесу өтпек.

Шеберлік кластарының бағдарламалары бойынша тыңдаушылар төмендегі сұрақтарға жауап ала алады:

-         қазіргі заманғы ғылымның, Қазақстандағы ғылыми қызметтердің ерекшеліктерінің даму алғышарттары;

-         химия өндірісін дамыту перспективасы және оның қазіргі жай-күйі;

-         ғылыми жобаларды ынталандыру көзі;

-         мұнай-газ индустриясындағы жаңа технолгиялар;

-         ғылыми әзірлемелерді күнделікті өмірге ендіруді қолдайтын нарықтық механизмдер;

-         химия саласындағы келешек мамандықтар;

-         шақырылған спикерлердің табыс жолының тарихы;

сонымен қатар кәсіпқойлардан жұмысқа орналасу мәселелері бойынша рекрутинг саласында мынадай кеңестер алады:

-         сұхбатқа қалай дайындалу және түйіндемені қалай жазу керек; 

-         әлеуметтік желілерде өзін-өзі қалай таныстыру керек (үлгілерді талқылау).

Биыл IX KAZENERGY Жастар форумы (KAZENERGY қауымдастығының адами капиталды дамыту бойынша қызметтері) және «Шелл Қазақстан» компаниясының STEM (ғылым, технология, инжиниринг және математик саласындағы білім беру) саласындағы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның техникалық университеттерінің студенттерін ерекше және инновациялық идеяларға тартуға бағытталған  «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне және болашақ энергиясы тақырыбына орайластырылған «Student Energy Challenge» сынақтық интеллектуалдық байқауы өткізілді.

Байқаудың қорытындысында үш жеңімпаз команда анықталды:

–         «Synergy», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 1-орын;

–         «NU Arlans», Назарбаев Университеті, 2-орын;

–         «Шығармашылық Одақ», М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 3-орын.

Жеңімпаздарға «Шелл Қазақстан» компаниясынан  10 000, 5 000 және 3 000 Евро көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ақшалай сыйлықпен бірге ұйымдастырушылар жеңімпаз команда университетінде студенттерге арналған «Кәсіпқойлармен сұхбаттасу»  форматында шеберлік кластарын өткізеді.   

Шеберлік класына келіңіздер!

«Кәсіпқойлармен сұхбаттасу» шеберлік класының бағдарламасы

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу