«KAZENERGY» қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі

размер шрифта: Aa | Aa
29.11.2017 16:23

2017 жылғы 23-24 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президенті С.С.Әбденовтың төрағалық етуімен Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) мәжілісі өтті.  

Мәжіліске Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен қатар шақырылғандар дәрежесінде мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіби одағының өкілдері қатысты.

Үйлестіру кеңесінің мәжілісі шеңберінде бірқатар мәселелер, атап айтқанда салалық кәсіби стандарттарды әзірлеу және Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы салаларының салалық келісімінде ең төменгі тарифтік мөлшерлемелерді бейнелеу туралы мәселелер  қаралды.

Үйлестіру кеңесіне қатысушылар  ең төменгі тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу және 2017-2019 жылдарға арналған Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы салаларының салалық келісімінің мазмұнына өзгерістер енгізу тәсілдерін талқылауға ұсынды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2016 жылы әлеуметтік серіктестік тараптары әлеуметтік өзара әрекеттестік бөлігінде 2017-2019 жылдарға арналған Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы салаларының салалық келісімін (бұдан әрі – Салалық келісім) әзірлеу және қол қою бойынша  жұмыстарды жүргізгенін атап көрсетті. Үйлестіру кеңесіне қатысушыларға Ақтөбе, Қызылорда, Ақтау қалаларында салалық келісімнің ережелерін  түсіндіру бойынша 2017 жылы өткізілген семинар-кеңестер туралы ақпарат жарияланды. Әлеуметтік серіктестік тараптары өңірлерде жүргізілген жұмыстарды  өңірлер үшін әлеуметтік серіктестікті нығайтуға қажетті маңызды шара деп мақұлдады. Сонымен бірге салалық комиссияның көшпелі кездесулері мен мәжілістерінде   қызметкерлер еңбекақы төлеу жүйесі тақырыбын талқылауды жалғастырды. Үйлестіру кеңесінің мүшелері әлеуметтік серіктестік тараптарын кеңінен тарта отырып осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет деп шешті.  

Ernst&Young  компаниясының өкілдері «Қазақстанда кәсіби стандарттарды әзірлеу» деген тақырыпта семинар өткізді. Қазақстанда кәсбіи стандарттарды әзірлеудің алғышарттары туралы, Қазақстанның ұлттық біліктілік жүйесі туралы, Қазақстанда кәсіби стандарттарды әзірлеу әдістемесі жобасы туралы және Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін кәсіби стандарттар әзірлеу туралы  ақпарат алу мүмкіндігіне байланысты осы тақырыпқа қызығушылық артып отыр.

«KAZENERGY» қауымдастығы кәсіби стандарттарды әзірлеу әдістемесімен қауымдастық мүшелерін таныстыру бойынша осы шараны кәсіби стандарттар мәселесінің саладағы маңыздылығын жете түсіндіру үшін өткізіп отыр. Қауымдастық салада Үйлестіру кеңесі мақұлдаған кәсіби стандарттарды әзірлеудің алдын ала жоспарын құрды. 

IMG_5836_1

IMG_5841

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу