KAZENERGY жаңалықтары

KAZENERGY қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңесте мұнай-газ және энергетика салаларына арналған озық цифрлық шешімдерді ұсынды

PDF Баспаға жіберу E-mail
03.03.2018 17:58

Ағымдағы жылғы 2 наурызда KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННЫҢ төрағалығымен «Мұнай-газ және энергетика салаларына арналған цифрлық шешімдер» тақырыбында Ғылыми-техникалық кеңес отырысы өтті.

 

«Кәсіпқой-мамандармен диалог жүргізу: жұмысқа орналасу құпиялары» шеберлік класы туралы

PDF Баспаға жіберу E-mail
28.02.2018 16:27

2018 жылғы 23 ақпанда Астанада «Student Energy Challenge» зияткерлік байқауының жеңімпаз командасы үшін, сондай-ақ Астана қаласының барлық мүдделі студенттері мен магистранттары үшін «Кәсіпқой-мамандармен диалог жүргізу: жұмысқа орналасу құпиялары» шеберлік класы өткізілді.

 

Қазақстанға өндіруші салалардың айқындылығы бастамасын (EITI) іске асырудағы «айтарлықтай прогресі бар» елдің мәртебесі берілді

PDF Баспаға жіберу E-mail
16.02.2018 14:36

2018 жылғы 13 ақпанда Осло қаласында (Норвегия) өндіруші салалардың айқындылығы бастамасының (бұдан әрі - ӨСАБ) халықаралық басқармасының 39-отырысы өтті. Отырыс барасында Қазақстанның ӨСАБ Стандартының талаптарына қол жеткізу бойынша валидациядан өту қорытындылары талқыланды.

 

«Өңірлер кооперациясы – жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында жергілікті қамтуды дамыту негізі» өңіраралық форумында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» кодексінің және жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін талқылау өтті

PDF Баспаға жіберу E-mail
09.02.2018 16:59

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» жаңа кодекстің нормаларын талқылауға және түсіндіруге Ақтөбе қаласында өткен «Өңірлер кооперациясы – жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында жергілікті қамтуды дамыту негізі» өңіраралық форумының 1-сессиясы арналды. Ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі. Қатысушылар қатарында Мәжіліс депутаттары, Инвестициялар және даму министрлігінің, салалық Қауымдастықтар мен Одақтардың өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жер қойнауын пайдаланушылары мен тауар өндірушілері, Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары.

KAZENERGY қауымдастығы бас директоры Әсет Мағауов пен құқықтық мәселелері жөніндегі атқарушы директор Заңғар Ноғайбай атынан таныстырылды.  

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов сессияны аша отырып, батыс облыстары салық аударымдары, көбінесе, республикалық бюджет сияқты өңірлік бюджетті де қалыптастыратын жер қойнауын пайдаланушы компанияларының ортақ нүктесі болып табылатынын атап өтті.  Осыған байланысты компаниялардың геологиялық зерттеулерге жұмсалған  шығындары есепке алынатын жаңа Салық кодексін және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» кодексін қабылдау облыстың одан әрі дамуына және қосымша инвестициялар тартуға септігін тигізетін болады. 

 ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов те                    2017 жылғы 27 желтоқсанда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» жаңа Кодекс қабылдағанын және ол ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетінін атап өтті. Кодексті әзірлеу соңғы жылдары энергия тасымалдағыштарының дүниежүзілік нарықтарында болған түбегейлі өзгерістермен шартталған. Кодекс бойынша жұмыстың негізіне УВС бөлігінде мына міндеттерді орындау кірді: Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау (№ 74-1 және 75 қадамдары бойынша); жер қойнауын геологиялық зерделеуге және геологиялық барлауға жеке инвестицияларды ынталандыру тетіктерін енгізу; реттеудің болжамдығы мен тұрақтылығын («ойын қағидаларын») қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдаланушылардың реттеуші органдарымен өзара іс-қимыл жасаудың рәсімдері мен мерзімін барынша жеңілдету және қысқарту («әкімшілік кедергілерді» жою).

Жалпы Кодекс барлау мен өндіруді ынталандыруға септігін тигізеді. Досмұхамбетов жаңа енгізулер қазіргі жер қойнауын пайдаланушылар мен әлеуетті инвесторлар үшін өзекті мәселелерді қозғағанын және оларды одан әрі өндірістік дамуына және геологиялық ізденулерге ынталандыратынын атап көрсетті.

KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» кодекстің ережелері жөніндегі баяндамамен сөз сөйледі. Осы маңызды құжатты дайындау процесінде KAZENERGY қауымдастығының бір өзінен сала компанияларының пікірлері негізінде қалыптасытырылған 300-ден астам түзету келіп түсті және оның 60%-дан астамы Кодексте көрінісін тапқан. Осыған ұқсас жағдай Салық кодексі бойынша да орныққан болатын.

Әсет Маратұлы өз баяндамасында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» кодекстің новелларына толық тоқталып өтті, олар Қазақстанның концептуалды мәселелері сияқты жер қойнауын пайдаланудың ағымдағы мәселелерін шешу сияқты инвестициялық климатын жақсартуға бағытталған. Концептуалды (инвесторлар үшін маңызды) мәелелерден мысалы: халықаралық тәжірибеге сәйкес заңнамадағы өзгерістерден келісімшарт тұрақтылығы кепілдіктері бар жер қойнауын пайдаланудың келісімшарт жүйесін сақтау;  халықаралық тәжірибеге сәйкес аукцион түрінде жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынудың конкурстық жүйесі; 2024 жылдан бастап шығарылатын қорларды есепке алудың халықаралық стандартына эволюциялық өту сияқты мәселелер аталып өтті.  

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» жаңа Кодекстің жаңа енгізулерінен басқа Мағауов сала үшін концептуалды маңызды құжат болып табылатын Экологиялық кодекске тоқталды.  

Жалпы, Форумның қатысушылары жер қойнауын пайдалану саласындағы инвестициялық климатты түбегейлі өзгертуге бағытталған: электронды аукциондарға өту, шығарылатын қорларды есепке алудың халықаралық стандарттарын енгізу сияқты және басқа да көптеген өзгертулердің нақты мысалдарын келтірген болатын.  

 

KAZENERGY қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесі Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың жол картасының орындалуын және оны іске асырудың жаңа әдістерін талқылады

PDF Баспаға жіберу E-mail
02.02.2018 14:36

2 ақпанда KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИННЫҢ төралағымен Ғылыми-техникалық кеңестің «Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың жол картасы. Орындалуы және жаңа әдістері» атты отырысы өтті.

 

«Атамекен» ҚР ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің бірінші отырысы

PDF Баспаға жіберу E-mail
31.01.2018 12:23

30 қаңтарда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі Данияр АБУЛГАЗИННЫҢ төралығымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) кезекті 24-отырысы өтті.

 

KAZENERGY қауымдастығы өткен жылдың қорытындысын шығарды және 2018 жылға міндеттерін айқындады

PDF Баспаға жіберу E-mail
30.01.2018 16:34

Ағымдағы жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласында «Қазақстан-Британ техникалық университетінің» ғимаратында «KAZENERGY» қауымдастығы кеңесінің 22-і отырысы өтті.

 

Қазақстандық делегация Абу-Дабидегі IRENA VIII сессиясының жұмысына қатысады

PDF Баспаға жіберу E-mail
12.01.2018 00:00

Қазақстандық делегация Абу-Дабидегі IRENA VIII сессиясының жұмысына қатысады, онда Оңтүстік Қазақстанда

күн электр станциясын салу жобасын қолдау туралы келісімге қол қойылатын болады, деп хабарлайды

ҚР Энергетика министрлігінің (ЭМ) баспасөз қызметі.

 

KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Әсет МАҒАУОВ Сыртқы істер министрлігінің "Қазақстан Республикасының дипломаттық қызметіне 25 жыл" естелік медалімен марапатталды

PDF Баспаға жіберу E-mail
27.12.2017 09:53

Осы награда Әсет Мағауовқа Қазақстан-Тәжікстан экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссиясының, сонымен қатар Қазақстан-Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық саласындағы  комитеттің тең төрағасы дәрежесінде атқарған  еңбегі үшін берілді.

 

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

PDF Баспаға жіберу E-mail
16.12.2017 11:17
16_
 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL