KAZENERGY жаңалықтары

Қазақстанда мұнай-газ саласы үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді іздеу АЛАШ жуйесі арқылы жүзеге асырылады.

PDF Баспаға жіберу E-mail
26.11.2015 15:35
IMG_3674

Мұнай-газ саласының сатып алулары үшін  жергілікті мазмұнды дамыту  және Жол картасы  шеңберінде ҒЗТКӘ  жобаларын іс жүзінде  іске  мәселелерін кеше KAZENERGY қауымдастығында  Ғылым, инновация және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері жөніндегі үйлесмтіру кеңесінде талқыланды.  Мәжіліс Қазақстандағы Шелл Төрағасы Данкан ван Бергеннің төрағалық етуімен, PSA, КПО Б.В., Би Джи, Аджип Қарашығанақ Б.В., NCOC, ҚМГ-өнімдері, Интергаз ОА  және басқа компаниялардың  топ-менеджментінің қатысуымен өтті.

 

Әлемдік энергетиканы әртүрлі әдістемелік тәсілдермен дамыту трендісін кеше Стратегиялық сарапшылық клубтың мәжілісінде талқылады.

PDF Баспаға жіберу E-mail
24.11.2015 18:15

Физик, әлеуметтанушы, зертеуші, публицист, «Энциклопедия» ғылым және мәдениет қызметкерлерінің қоғамдық ұйымының президенті, Зерттеу тобы бөлімінің басшысы Переслегин Сергей Борисович Бас баяндамашы ретінде сөз сөйледі.  

 

ЭКСПО-2017 шеңберінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының тұрақты даму энергетикасы жөніндегі халықаралық форумы және министрлік конференциясы өтеді

PDF Баспаға жіберу E-mail
24.11.2015 11:01

Мұндай шешім Женевада қарашаның 18-і мен 20-сы аралығында өткен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Тұрақты энергетика комитетінің (UNECE) 24-ші сессиясының қорытындысы бойынша қабылданды.  Бұл шараға Қазақстан Республикасы атынан KAZENERGY қауымдастығының бас директоры  Әсет  Мағауов және атқарушы директоры Рамазана Жампиисов қатысты. Сапардың негізгі мақсаты екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын талқылау  және алдағы Астанада өтетін  EXPO 2017  көрмесі шеңберіндегі тұрақты даму мүддесінде БҰҰ ЕЭК энергетика бойынша Халықаралық форумын өткізуді жобалау.  Осыған байланысты, Әсет Мағауов  Женевадағы БҰҰ офисінің бас директоры Майкл Мёллермен,  БҰҰ ЕЭК  Тұрақты энергетика жөніндегі комитетінің  төрағасы Юрген Кеинхерстпен, БҰҰ ЕЭК  Тұрақты энергетика бөлімшесінің директоры Скот Фостермен кзедесті, сондай-ақ, Комитет мәжілісінде  Астанада ЭКСПО-2017  көрмесін  өткізу жобасымен таныстырып сөз сөйледі. Астана қ. 2017 жылы БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетикажөніндегі халықаралық форумын және министрлік конференциясын өткізу туралы шешім қабылдау келіссөздердің табысты нәтижесі болды.

 

18-қарашада ҚР Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Кәсіптер (кәсіптер, қызметтер) топтастырғышын талқылады

PDF Баспаға жіберу E-mail
20.11.2015 17:59

Қызмет түрлері және кәсіби қызмет салалары бойынша топтастырылған мұнай-газ кәсіптерінің тізіміне қатысты адами капиталды дамыту жөніндегі департаменттің директоры Ляззат Ақмұрзина сөз сөйледі. 

 

KAZENERGY қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі

PDF Баспаға жіберу E-mail
17.11.2015 15:41

16 қарашада KAZENERGY қауымдастығында BG Қазақстан Президенті Питер Костеллоның төрағалық етуімен Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске  KAZENERGY, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ,  «Кегок» АҚ, BG Қазақстан, NCOC,  «Теңізшевройл» ЖШС, TethysPetroleum, Agip Caspian Sea B.V., KPI, САУТС-ОЙЛ, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі,  ҚР ДСӘДМ жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ААО өкілдері және басқалары  қатысты. Бұл кездесу биылғы жылғы қорытындылаушы болды және 2015 жылы іске асырылған жобаларға және алдағы жылғы жоспарларға арналды.

 

Жоғарғы бұрыштан бұрғылау - тәжірибе мен сабақтары

PDF Баспаға жіберу E-mail
17.11.2015 15:40
Gregory_King_171115

"Жоғарғы бұрыштан бұрғылау -  тәжірибе мен сабақтары" деген тақырыпта Грегори Кинг ү.ж.  16 қарашасында Инженер-Мұнайшылар қоғамының Астаналық бөлімшесі (SPE) ұйымдастырған  техникалық  лекцияда сөз сөйледі. Таныстыруда ExxonMobil компаниясының жоғарғы бұрыштан және қол жеткізуі ұлғайтылған ұңғымаларда бұрғылау  тәжірибесі  толық әңгімеленді, сондай-ақ, осы ұңғымалардың тақырыптық зерттеулері мен ерекше мәселелері жан-жақты қаралды.
Грегори Кинг - ExxonMobil  компаниясының Каспий өңіріндегі актвитері  бойынша  бұрғылау жөніндегі кеңесшісі. Оның  Солтүстік теңіздегі жобаларда техникалық және басшылық қызметтердегі бұрғылау саласында мол тәжірибесі бар. Кезінде SPE журналының ұңғымаларды бұрғылау бөлімінің редакторы болып қызмет еткен. Машина жасау саласындағы  бакалавр дәрежесі және мұнай-газ инженериясының магистрі дәрежесі бар, Ұлыбританиядағы Инженер-механиктер институтының мүшесі.

 

Осы аптада Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мұнай-газ өндірісі комитетінің 14-ші мәжілісі аяқталды

PDF Баспаға жіберу E-mail
12.11.2015 12:47

Оған ҚР Энергетика министрлігі, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті, KAZENERGY қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ және басқ. қатысты.

 

2015 жылы 10 қарашада ҚР Энергетика 1 Вице-Министрі Ұ.С.Қарабалиннің қатысуымен KAZENERGY қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңесінің (ҒТК) мәжілісі өтті

PDF Баспаға жіберу E-mail
12.11.2015 12:46

Мәжіліс барысында мынадай тақырыптар қаралды: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» заңын мұнай айналымымен айналысатын компанияларды есепке алу және есеп беру  саласында  іске асыру. Жер қойнауын пайдаланушылар, мұнай базалары, мұнай тасымалдайтын компаниялар және МӨЗ-дің  мұнайды есепке алатын ақпараттық жүйелеріне (МЕАЖ) қойылатын талаптар; «сланец» газы және «сланец» мұнайы, Қазақстанның кен орындарындағы  өткізгіштігі төмен  сланец қабаттарынан алынған көмірсутекті (мұнай мен газды) игеру және барлау; Оптикалық талшықты ұңғыма ішіндегі жүйелер; ARC композиттік қорғаныш материалдары, қолданылатын саласы мен ерекшеліктері.

 

Дүниежүзілік мұнай кеңесі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отыр

PDF Баспаға жіберу E-mail
29.10.2015 18:32

Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу туралы ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес KAZENERGY қауымдастығы осы ұлттық шараға қатысуға жаһандық энергетикалық ұйымдарды тартуда белсенді іс-қимылдар жасауда.

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «АҚТАУ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ: СИНЕРГИЯ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ» АТТЫ БІРЛЕСКЕН ФОРУМ ӨТТІ

PDF Баспаға жіберу E-mail
06.10.2015 18:43

АЛМАТЫ, 6 қазан, 2015 ж. - «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ), сондай-ақ Қазақстанның мұнай және газ кен орындарының үш ірі операторы – «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (бұдан әрі - НКОК), «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі - ТШО) және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (бұдан әрі - ҚПО) бүгін Алматыда «Ақтау декларациясы: синергия және жергіліктендіру» атты жабдықтаушылардың бірлескен форумын өткізді. 

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL