KAZENERGY жаңалықтары

Ірі тендерлерге қалай қатысуға болады?

PDF Баспаға жіберу E-mail
18.10.2017 12:14

Қазақстанды ірі мұнай-газ жобаларына тарту кезіндегі отандық мұнай-сервистік компаниялардың қиындықтары Атырау қ. 2017 жылғы 17-қазанда өткен «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің көшпелі мәжілісі барысында талқыланды. 

 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының 22-ші мәжілісі

PDF Баспаға жіберу E-mail
13.09.2017 17:41

2017 жылы 12-қыркүйекте  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алаңында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі  Д.Р.Әбілғазиннің төрағалық етуімен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұнай-газ өндірісі комитетінің (бұдан әрі - «Атамекен» ҚР ҰКП МГӨК) кезекті 22-ші мәжілісі өтті.

 

Энергия тасымалдағыш жеткізілімінің қол жетімділігі, сенімділігі, бәсекеге қабілеттілігі энергетикалық саясаттың негізгі факторы болып қалады

PDF Баспаға жіберу E-mail
07.09.2017 02:00

Астана қ.

2017 жылғы 7-қыркүйек

Астана қаласында 7-қыркүйекте Бейбітшілік және Келісім сарайында «Болашақ энергияға бастар жол» тақырыбында XI Еуразиялық KAZENERGY форумының ашылуы болды. Бұл форум биыл Қазақстан астанасында маусымнан қыркүйекке дейін өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінің басты оқиғасы болып отыр.

 

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығына 20 жыл

PDF Баспаға жіберу E-mail
07.09.2017 00:00

2017 жылғы 7 қыркүйек, Астана – China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының қазақстандық жобаларда мұнай мен газды өндірудің көлемі 10 есеге ұлғайды, яғни 1997 жылғы 3,19 млн тоннадан 2010 жылы 30 млн тоннаға дейін артты, ал шикі мұнайды өндіру көлемінің жиынтығы 290 млн тоннаны, ал өндірілген мұнай 54,74 млн тоннаны құрап отыр. Бұл жайлы және 20 жылдық мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының өзге де жетістіктері жайында Kazenergy XI Еуразиялық форумның аясында China National Petroleum Corporation (CNPC) вице-президенті Ван Дунцзинь мырза хабарлады.

 

«ЭКСПО – 2017» тарихындағы маңызды оқиға - XI Еуразиялық KAZENERGY форумының ашылуы

PDF Баспаға жіберу E-mail
06.09.2017 00:00

Астана қ.

2017 жылы 7-8 қыркүйекте Астана қ. аймақтағы энергетикалық сектордың халықаралық оқиғасы – XI Еуразиялық KAZENERGY форумы «Болашақ энергияға бастар жол» тақырыбымен өтеді.

 

Жамболат Сәрсеновтың Энергетикалық Хартия Бас Хатшысының Арнайы өкілі дәрежесіндегі өкілеттілік мерзімін ұзарту туралы

PDF Баспаға жіберу E-mail
13.07.2017 11:36

Жамболат Сәрсеновтың Энергетикалық Хартия Бас Хатшысының Арнайы өкілі дәрежесіндегі өкілеттілік мерзімін ұзарту туралы

 

KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары  Жамболат Сәрсенов Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснактың Арнайы өкілі қызметіне  қайта тағайындалды. 2 жылға белгіленген мерзімін ұзату туралы осы шешім б.ж. маусым айында күшіне енді. Руснак мырза Жамболат Сәрсеновпен бірлесе отырып  Энергетикалық Хартия қызметін алға бастыру бойынша өнімді жұмыстарды  жалғастыратынына сенім білдірді.

Арнайы өкіл дәрежесінде 2 жыл табысты еңбек еткен Жамболат Сәрсенов Энергетикалық Хартия Хатшылығының жұмысына, атап айтқанда Энергетикалық Хартияға Шарт (ECT, Energy Charter Treaty) шеңберінде инвестицияларды қорғау механизмдерін жетілдіруге қатысты жұмыстарға   әрі қарай қолдау көрсетпек.  

Анықтама:

Біздің еліміз Энергетикалық Хартияға Шарттың  (ЭХШ) 1998 жылы күшіне енген сәтінен бастап белсенді мүшесі болып табылады. Қазақстанның ЭХШ қатысуы энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық деңгейін  көрсетеді.

Қазақстан Энергетикалық Хартия тарихында Энергетикалық Хартия Конференциясына бірінші рет төрағалық еткен мемлекет болып,  осы құрметті құқықты  алғаш рет 2014 жылы  иеленді. Қазақстан төрағалық шеңберінде энергетикалық секторға инвестициялар тарту, транзит пен сауда-саттық, дауларды шешу механизмдерін жетілдіру, сонымен қатар Энергетикалық Хартия процесін жаңартуға қатысты  конструктивті ұсыныстар ұсынды.

Қазақстан Конференцияға төрағалық етуін  2014 жылы Астанада өткен «Транзиттік  дәліздерді дамыту – ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікке бастар жол» деп аталатын Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші сессиясымен аяқтады. Осы тарихи Конференцияның маңызды сәттері Процестің басымдықтарын алдағы бес жылға айқындап берген Энергетикалық Хартия Процесінің Астаналық Декларациясында бейнеленген.

Геосаяси жағдайдың өзгерістеріне байланысты  және Энергетикалық Хартия  тараптарының ұстанымдарын жақындату үшін Астаналық Декларацияда Энергия транзиттеу және энергия тиімділігі жөніндегі  көпжақты келісім бойынша келіссөздерді жаңарту мүмкіндігін қоса алғанда,  инвестицияларды қорғау және көмек көрсету, дауларды реттеу, сауда-саттық, транзит және төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау сияқты негізгі қызмет салаларындағы басымдықтар нақты белгіленген.  

Қазақстан Республикасы энергетикалық балансты қалыптастыруда  және өңірдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара отырып,  Энергетикалық Хартияның дүниежүзілік энергетикалық басқарудағы көшбасшылық рөлін нығайтуға белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр.

Jambulat_Sarsenov

 

KAZENERGY қауымдастығы Стамбул қ. ДМК-ге қатысуда

PDF Баспаға жіберу E-mail
12.07.2017 11:25

KAZENERGY қауымдастығы Стамбул қ. ДМК-ге қатысуда 

KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының  қауымдастығы 2017 жылғы 9-13 шілдеде Стамбул қаласында (Түрік Республикасы) Дүниежүзілік Мұнай  Кеңесі өткізіп жатқан  22-ші Дүниежүзілік мұнай  конгресінің мәжілісіне  (World Petroleum Congress - WPC) қатысуда.

Мұнай-газ индустриясының жетекші ойыншылары кездесетін ғаламдық орын және маңызды оқиға болып табылатын Дүниежүзілік мұнай  конгресі дүниежүзілік мұнай саласының соңғы тренділері мен басқару әдістерін  талқылау үшін үш жылда бір рет өткізіледі.

Қазақстандық делегацияны Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастап барды, оның құрамында KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов, KAZENERGY қауымдастығының Атқарушы директоры Рамазан Жампейісов, NCOC консорциумы Бас директорының орынбасары  Жақып Марабаев, PSA ЖШС Бас директоры Мұрат Жүребеков бар.

Биыл конгреске 119 елден келген 6000 делегат және 1500 мұнай-газ компаниясы қатысады. WPC  бағдарламасында Министрлер сессиясын, панельдік пікірталастар, пленарлық мәжілістер, дөңгелек үстелдер, сараптамалық топтың мәжілістерін өткізу көзделген.  

Конгрестің қарсаңында ДМК мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылатын Атқарушы комитет пен кеңестің мәжілістері өтті. Қазақстандық делегация кездесуге қатысып, атқарушы органдар мен ДМК бағдарламалық комитетінің өткен үш жылдағы қызметі туралы жылдық есептерін  тыңдады.

Жалпы алғанда 22-ші Дүниежүзілік мұнай  конгресінің бағдарламасында техникалық сессиялар, сөз сөйлеулер, презентациялар, форумдар қамтылған және ол «Мұнай мен газ өндіру және барлау», «Мұнай өңдеу,  мұнай химиясы, тасымалдау, маркетинг», «Табиғи газ: өндірістік технологиялар, тасымалдау, нарықтар», «Менеджмент, кадр саясаты, ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік, геосаясат» деп аталатын бірнеше тақырыптық блоктардан тұрады.  Түркия Энергетика және табиғи ресурстар министрі Берат Альбайрак, РФ Энергетика министрі Александр Новак, Saudi Aramco президенті Амин Х.Нассер  және басқалары әртүрлі блоктардың спикері болады.

Сейсенбі күні Қазақстан Ұлттық комитетінен «Мұнай-газ мега жобаларын  игеру» сессиясының тең төрағасы дәрежесінде Жақып Марабаев сөз сөйлейді, ол операторы NCOC болып табылатын Каспий теңізінің қазақстандық қайраңында орналасқан алып кен орны Қашағанды игеру туралы айтып береді. ExxonMobil Development Company Вице-президенті Мег О”Нил төрағасы болатын, ал екінші тең төрағасы CNOOC Вице-президенті д-р Чен Би болатын осы сессия конгреске қатысушылар тарабынан зор қызығушылық туғызады деп күтілуде. Ірі мұнай-газ кен орындарын игеруге байланысты пікірталас барысында қатысушылар саладағы мега жобалардың тәуекелдерін қалай азайтуға болады, барлау және игеру бойынша ауқымды жұмыстарды басқару тиімділігін қалай арттыруға болады, МНК, ККК және басқа да қызмет көрсетуші компаниялардың  болашағы қандай деген сияқты  өзекті сұрақтарға жауап береді. 

ДМК басшылығы Қазақстанның конгрестің бағдарламалық сессиясына бірінші рет тең төрағалық етіп отырғанын атап көрсетті және KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев басқаратын Қазақстан Ұлттық Комитетіне табысты әрі өнімді еңбек еткендері үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде ДМК Маркетинг жөніндегі Вице-президенті және Атқарушы комитетінің Мүшесі болып тағайындалған KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов конгресс жұмысына мұнай-газ алыптарының қатысуы аса маңызды екенін атап көрсетті және болашақта  әлемнің беделді мұнай шараларында өз стратегияларын көрсету мақсатында Қазақстаннан бұдан да көп компаниялар ағылып келетініне сенім білдірді.

Жамболат Сәрсенов айтып өткендей  22-ші Дүниежүзілік мұнай  конгресі  - әлемдік деңгейде маңызы бар оқиға. Оның пікірінше бұл шара мұнай бизнесінің саяси астарлардан тәуелсіз, өз бетінше дамуға қабілетті екенін дәлелдейді.

KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі

WPC_logo


wpc

IMG_3567_1

 

Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің Вице-президенті болып сайланды

PDF Баспаға жіберу E-mail
10.07.2017 15:18

Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің Вице-президенті болып сайланды

Қазақстан атынан қызмет етуші Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік Мұнай кеңесінің (ВНС, World Petroleum Council) Маркетинг жөніндегі Вице-президенті  және Атқарушы Комитетінің Мүшесі болып сайланды, осыған дейін бұл қызметті Төраға Petrochina Чжоу Цзипин (Zhou Jiping) атқарған болатын. Бұл шешім 2017 жылғы 9-17 шілде аралығында Стамбул қ.  (Түркия Республикасы) өтіп жатқан 22-ші  Дүниежүзілік мұнай конгресі  (World Petroleum Congress) шеңберінде қабылданды.

 

2017 жылғы 5-маусымда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Эколог күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

PDF Баспаға жіберу E-mail
06.06.2017 18:45

2017 жылғы 5-маусымда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні  және Эколог  күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.    

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат  Бозымбаев KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Рамазан  Жампейісовке ҚР Энергетика министрлігінің Алғысхатын табыс етті.

Құрметті Рамазан Көпесбайұлы, мемлекеттік наградаңыз құтты болсын!

foto_ramazan

 

Kazenergy қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесі мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған инновациялық шешімдерді талқылады

PDF Баспаға жіберу E-mail
31.05.2017 18:05

Kazenergy қауымдастығының ғылыми-техникалық кеңесі мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған инновациялық шешімдерді талқылады

Биылғы жылдың 30-мамырында KAZENERGY қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңестің кезекті мәжілісінде  мұнай-газ кен орындарын игерудің инновациялық шешімдерін талқылады. Оған сервистік және машина жасайтын компаниялардың шақырылған сарапшылары, сонымен қатар мұнай-газ компаниялары, жобалау институттарының басшылары мен мамандары, Назарбаев Университеті Тау-кен ісі мектебінің өкілдері және KAZENERGY қауымдастығының мүшелері  - Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика ұйымдарының өкілдері қатысты.  

ҒТК Төрағасы Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы  мәжілісті құттықтау сөзбен ашып, баяндамашыларды таныстырып өтті де, отырғандарды энергия тиімділігі мен энергия үнемдеудің барлық өзекті мәселелерін талқылауға шақырды.  

Мәжілісте  «Мұнай жүйесіндегі күкірттің геохимиясы» тақырыбында  геохимия бойынша кеңесші, Ph.D (Барселона, Испания)  Лоран Ришар сөз сөйледі. Ол жүргізілген зерттеулерден алынған  термодинамикалық зерттеулер мен тұжырымдамалық қорытындыларды ұсынып, осы жүйеге тән химиялық құрам мен фазаларға және зерттеліп отырған жүйеге анықтама берді. Лоран Ришар құрастырған термодинамикалық  модельдер мүнай жүйелеріндегі геохимиялық процестерге сапалық түсіндірме жасайды әрі белгіленген температурадағы және қысымдағы концентрация шектерінің  (мысалы күкіртті сутегінің) болжамын және коллектор қасиетінің өзгерістерін құруға көмектеседі.   

Ресейлік компания «ХимСервисИнжиниринг» КПК ЖШҚ өкілдері «Жер қабатының мұнай беруін арттыру технологиясы» тақырыбында сөз сөйледі. Бұдан бұрын  «ХимСервисИнжиниринг» тиімділігі жоғары жаңа қышқыл +  АC-CSE-1313-А (гель түзгіш) реагентін қолдануда жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Оған қоса  «EOR-Soft» компаниясы  «ПНП технологияларын ақпараттық қамсыздандыру» өнімін таныстырды және  Лукойл, Газпром, ТатНефть, РосНефть, СлавНефть    және басқа компанияларда табысты қолданылып жүрген мұнай-газ кен орындарында жаңа технологияларды қолдану нәтижесін тиімді бағалауға мүмкіндік беретін бағдарламалық кешен туралы әңгімелеп берді.

Оған қоса мәжілісте  Колорадо тау-кен мектебімен стратегиялық серіктесе отырып  негізі қаланған (Colorado School of Mines) Назарбаев Университетінің  Тау-кен ісі және жер туралы ғылымын  дамыту туралы ақпараттық хабарлама мәлімденді. Бұл мектеп тиімділігі жоғары өнеркәсіптің қолда бар технологияларын трансформациялау үшін  және жердің табиғи ресурстарын қауіпсіз, тиімді әрі жауапты пайдалану үшін Жер туралы білім және ғылым саласындағы бірыңғай білім беру орталығы дәрежесінде құрылды. Осылармен бірге тау-кен және мұнай-газ ісі бойынша бакалавриат және  магистратура бағдарламасы таныстырылды.

Патент иесі және жоба авторы  Бейсембаев Әбілқас өзінің «Тереңде орналасқан штангілі сораптың универсалды жетегі» деп аталатын бір жобасын таныстырды. Ол тереңде орналасқан штангілі сораптың универсалды жетегін әзірлеу және өндірістік-тәжірибелік сынау туралы, сонымен қатар қондырғының принциптік сызбасы туралы (ҚПС)  айтып берді.  Ұсынылып отырған техникалық жұмыстарды техникалық тұрғыда дұрыс  өңдеуден өткізген соң   өндірістік-тәжірибелік сынақ нәтижелері табысты болған жағдайда  өнеркәсіпке енгізуге болатынын кеңес мүшелері атап көрсетті.

 «ҚазМұнайГаз»  өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-техникалық институтының өкілдері  «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының үлгісімен қабаттың гидрожарылысы технологияларын енгізудің кешенді зерттеулерін, оның ішінде осы технологияны қолдану тиімділігінің талдаулары мен сапалық мәліметтерін, тарихын, сипаттамасын ұсынды. Жаңадан әзірленген  қабаттың гидрожарылысын сапалы орындау жүйесі  осы операцияларды сапалы орындауға және тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді, қабаттың гидрожарылысының экономикалық рентабельдігін  арттырды және қабаттың гидрожарылысы есебінен жоспарланған өндіруге қол жеткізілді.  ҒТК қатысушылары технологияларды пайдаланудың жаңа баығттарын: гибридтік ҚГЖ, ауыз судың тартылуын азайту және басқаларын талқылады.

«ҚҒТГБМИ» АҚ директоры Сарбаев Ақан Серікұлы  Төбеарал кен орнында FloWQ ағынды сораптар жүйесін тиімді қолдану бойынша ақпаратты ұсынды. Инновациялық ағынды сорап қатты қоспасы аз не көп болатын жерасты қабаты сұйықтықтарының мол көлемін шығаруға арналған. Осы ағынды сорапты енгізгелі бері кен орындарында  ұңғымалар бойынша мұнай беру ұлғайғаны, жөндеуаралық кезеңнің ұзарғаны, сонымен қатар электр қуатының азырақ тұтыныла бастағаны   белгілі болды.

Мәжілісті  Шлюмберже  комапниясы мұнай өндіру әдістерінің бастапқы, екінші және үшінші әдістері бойынша мәселемен аяқтады. Шлюмберже  өкілдері  мұнай берудің химиялық әдістеріне, оның ішінде  скрининг және  модельдеу кезеңдеріндегі  жұмыстарға тоқталып өтіп, халықаралық сервистік компанияның жүйелік тәсілдері туралы айтып берді.

Мәжіліс қорытындысында ҒТК Төрағасы  айтылған жобалар мен мәселелердің қазіргі уақытта өзектілігін және әрқайсысы өз бағыты бойынша даму перспективасына ие болып отырғанын  атап көрсетті. KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі Сатимов Арман Нұрланұлы айтып өткендей келесі мәжілісті ЭКСПО-2017 көрмесі өтетінін ескере отырып биылғы жылдың маусым айында өткізу жоспарланды. 

IMG_7739

IMG_7743

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL