KAZENERGY жаңалықтары

2016 жылғы 12 шілдеде 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ

PDF Баспаға жіберу E-mail
20.07.2016 11:40

2016 жылғы 12 шілдеде  2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласындағы салалық келісім жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кездесуі өтті. Жобаға берілген ұсыныстар мен түзетулер талқыланды, осыларды ескере отырып Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу  және  әлеуметтік серіктестік жөніндегі салалық комиссияның  алдағы мәжілісінде қорытынды құжат ұсынылатын болады.

 

Халықаралық қорларды есептеу жүйесін енгізуге тұжырымдамалық тәсілдер

PDF Баспаға жіберу E-mail
22.06.2016 10:51
13516357_1266251643400147_2443445023007462841_n

Астанада биылғы жылдың 18-маусымында  ҚР Энергетика министрлігі, компаниялар, салалық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» Қазақстан Республикасы  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мұнай-газ өндірісі комитетінің  18-ші мәжілісі өтті, онда   халықаралық қорларды есептеу жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуге және жер қойнауының тиімді игерілуін бақылауды қамтамасыз етуге  байланысты мәселелер талқыланды.

 

«Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» ІІІ халықаралық конференциясы

PDF Баспаға жіберу E-mail
17.06.2016 12:04
downstream

 

 «Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» ІІІ халықаралық конференциясы

KAZENERGY қауымдастығының қолдауымен  Астанада  III «Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» атты ІІІ халықаралық конференциясы өтті. Конференцияда ҚР Энергетика Вице-министрі   Мағзұм Мырзағалиев пен  KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары Ұзақбай  Қарабалин құттықтау сөз сөйледі.

 

07.06.2016 ж. KAZENERGY қауымдастығының өндіруші саланың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі

PDF Баспаға жіберу E-mail
09.06.2016 11:02
13394049_1254911121200866_7339629378822585435_n

Қауымдастық мүшелері, сонымен қатар ҚР Геология комитетінің және Дүниежүзілік банктің  өкілдері ӨСАБ жаңа стандартына сай  бенефициарлық құқықты ашу бойынша шараларды талқылады.

Компаниялар әзірлеменің  осы мәселені іске асыру жөніндегі  Жол картасын Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесімен (МТҰК)  бірлесіп  әзірлеудің жоғары маңызын  атап көрсетті және оған белсене атсалысуға ниет білдірді.

 

Мұнай өндіру саласындағы жаңа инновациялық зерттемелер және геохимиялық зерттеулердің нәтижесі Ұзақбай Қарабалин төрағалық еткен KAZENERGY қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесінде талқыланды

PDF Баспаға жіберу E-mail
01.06.2016 16:02
13339582_1250504491641529_4944603342190136472_n

Мұнай өндіру және тасымалдау барысындағы қиындықтарды кешенді шешуге арналған энергия жинақтайтын заттар (ЭЖЗ) мен композиттік құрамдардың жаңа буыны туралы Сәтпаев ат. ҚазҰТУ ғалымдары жасаған баяндама қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Бұл  -  мұнай индустриясына және  ғылымның бір саласы сутегі энергетикасына қатысты өнертабыс.  Белсендірілген алюминий негізіндегі бұл  жаңа реагенттер  ұңғыманың, мұнай өндірісі жабдығының  забой алаңын  тазартуға және қабаттан мұнай өндіруді арттыруға арналған. Мамандар осы зерттемеге жоғары баға беріп, одан әрі дамытуды қажет ететін болашағы зор өнертабыс деп сипаттап отыр.

 

«KAZENERGY» қауымдастығы жанындағы Заңнама жөніндегі сарапшылық кеңес кезекті мәжілісін өткізді.

PDF Баспаға жіберу E-mail
01.06.2016 11:11
13325497_1249644508394194_2891999716026551952_n

Мәжіліске қатысушылар қолданыстағы заңнаманы жетілдіру саласындағы қауымдастық қызметтерінің әртүрлі мәселелерін талқылады.

Атап айтсақ, экология және мұнай өнімдері өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамалық деңгейде іске асырылған бастамалар талқыланды; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы, «Офсеттік келісімдер туралы» заң жобасы бойынша жұмыс барысы туралы өзекті ақпарат ұсынылды.

 

Ұлыбританияның Сауда және инвестиция министрлігінің (UKTI) өкілдері бүгін KAZENERGY қауымдастығының офисіне келді.

PDF Баспаға жіберу E-mail
26.05.2016 15:58
13310545_1246406222051356_7031430016902952510_n

Мұнда Ынтымақтастық туралы меморандумның және Лорд Астордың  Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде “PSA” ЖШС-мен кездесу өтті.  Мәжіліске Жоғары Мәртебелінің ҚР-дағы өкілінің орынбасары  Сара Пиккеринг, Ұлыбритания Корольдігі Елшілігінің  және сол елдің жетекші оператор-компанияларының басқа да өкілдері қатысты.

 

Мұнай-газ секторында қазыналық және қазыналық емес жүктемені азайту Қазақстандағы мұнай-сервистік компанияларды қолдайтын маңызды фактор болып табылады

PDF Баспаға жіберу E-mail
26.05.2016 15:04
13256513_1245712225454089_1088689139153366256_n

EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге мұнай-газ саласы қатысады

Биылғы жылдың  24-мамырында Астанада  Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен, депутаттық корпус, мемлекеттік органдардың өкілдерінің, ұлттық және халықаралық компания басшыларының қатысуымен  өткен KAZENERGY қауымдастығы Кеңесінің 20-шы мәжілісінде мұнай-газ саласына қолдау көрсететін өзекті мәселелер және қазіргі жағдайдағы мұнай-сервис саласында жұмыспен қамту мәселелері, сонымен қатар қауымдастықтың  EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» бағдарламасына қатысуы талқыланды.

 

Қарашығанақ және Солтүстік Каспий жобаларының қаражаты есебінен оқу ақысы төленетін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның кезекті көзбе-көз мәжілісі 2016 жылғы 23-мамырда болды.

PDF Баспаға жіберу E-mail
25.05.2016 16:33

Оған ҚР Энергетика министрлігі, "PSA" ЖШС,  НКОК Н.В.,  КПО Б.В. компаниялары, KAZENERGY қауымдастығының өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында 2015-2016 жылғы академиялық оқу жылында Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша міндеттемелерді басқару туралы есеп  тыңдалды.

 

Басты назарда: ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР

PDF Баспаға жіберу E-mail
24.05.2016 17:23
IMG_4933

2016 ж. 23-24 мамырда  KAZENERGY қауымдастығы Қазақстан Республикасының 2017-2019 жж. арналған мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия  салаларындағы Салалық келісімді әзірлеу жөніндегі Салалық комиссия мен Жұмыс тобының құрамына кіретін компания өкілдері үшін «Кәсіпорындардағы еңбекақыны ұйымдастыру және оны ұжымдық-шартты реттеу» деген тақырыпта семинар өткізуде.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL