KAZENERGY жаңалықтары

Ақшолақов Болат Оралұлы «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры қызметіне тағайындалды

PDF Баспаға жіберу E-mail
03.02.2016 18:00

B_Akchulakov_sm

«KAZENERGY»  Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Төрағасы Т.А.Құлыбаевтың бұйрығымен  Ақшолақов Болат Оралұлы 2016 жылғы 1-ақпаннан бастап «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры қызметіне тағайындалды.

 «KAZENERGY» қауымдастығының баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81; +7 701 999 87 12;

  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 

«KAZENERGY» қауымдастығы Сәтпаев ат. ҚБТУ және ҚАЗҰТУ 51 студентіне білім гранттарының сертификаттарын табыстады

PDF Баспаға жіберу E-mail
02.02.2016 11:38

IMG_6124

01 ақпанда  Алматы қ.  «KAZENERGY»  қауымдастығы  Сәтпаев ат. ҚБТУ және ҚАЗҰТУ 51 студентіне 2015-2016 жылғы академиялық оқу жылына оқу ақысын төлейтін сертификаттар тапсырды. 

2 кезеңдік байқау іріктеуінен өткен студенттер 2015-2016 жылғы академиялық оқу жылында  «KAZENERGY» қауымдастығына мүше компаниялар есебінен білім алу мүмкіндігін алды. Байқаудың кіріспе кезеңінде  «KAZENERGY»  қауымдастығында 600 өтініш қаралды, олардың ішінен Үміткерлерді іріктеу комиссиясы  ЖОО және колледждерде оқу ақысы  НКОК Н.В. және  КПО Б.В есебінен  төленетін  320 студентті айқындады. Студенттердің академиялық оқу үлгерімі студенттерді іріктеудің негізгі  өлшемдерінің бірі болды. 

 

Мағауов Әсет Маратұлы Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі болып тағайындалды

PDF Баспаға жіберу E-mail
29.01.2016 13:00

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28-қаңтардағы Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтың қолы қойылған № 37 қаулысымен Мағауов Әсет Маратұлы ҚР Энергетика Вице-министрі болып тағайындалды.  

БИОГРАФИЯЛЫҚ АНЫҚТАМА

Ә.М.Мағауов Москва қ. Губкин ат. Мемлекеттік Мұнай және Газ институтының (ГАНГ)  экоеномика факультетін бітірген. 

 

Инвестициялар және даму министрлігінде (ИДМ) ИДМ Индустриалдық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Т.Нұрашевтің төрағалық етуімен мәжіліс өтті, онда "Офсеттік келісімдер туралы» Заң жобасы талқыланды.

PDF Баспаға жіберу E-mail
22.01.2016 00:00

Мәжіліс жұмысына ИДМ, KAZENERGY қауымдастығы (Абылқасым Е.), «Атамекен»  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (Больгерт Е., Сихаев М.), «Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен-металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі  (АГМП), Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық (Мамиконян Л.), NADLOC және басқ. өкілдері қатысты.

 

«KAZENERGY» қауымдастығының мүшелері КИМЭП студенттеріне білім гранттарының сертификаттарын табыс етті

PDF Баспаға жіберу E-mail
21.01.2016 00:00
_

20-қаңтарда Алматы қ.  КИМЭП университетінде  2015-2016  академиялық оқу жылына Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (НКОК Н.В.) қаражаты есебінен  ақы төлеуге арналған байқаудан   өткен 40 студентті наградтау салтанаты өтті.

 

KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры «Атамекен» ҚР ҰКП медалімен марапатталды.

PDF Баспаға жіберу E-mail
20.01.2016 18:24
NPP

Экономиканы  және кәсіпкерлікті дамытуға қосқан жеке үлесі  үшін «Атамекен» ҚР ҰКП 3-дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін»  медалімен  KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры, KAZENERGY қоғамдық қоры президентінің м.а. Тоғжан Қожалиева наградталды.

Тоғжан Бақытжанқызын шын жүректен құттықтаймыз, бұдан былай да табыстан-табысқа жете беруіне тілектеспіз!


 

KAZENERGY қауымдастығының өндіруші саланың ашықтығы бастамасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы мәжіліс өткізді

PDF Баспаға жіберу E-mail
23.12.2015 11:30
IMG_3818

Қатысушылар KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялар мен Жұмыс тобының өкілдерінен  тұратын Ұлттық кеңестің ИПДО бойынша мүдделі тараптарының жаңа құрамын бірауыздан бекітті.  Әлеуметтік саланы қаржыландыратын компаниялардың деректерін әкімдіктердің олардың нақты игерілуі туралы берген деректерімен салыстырып, сәйкессіздіктерін анықтау мақсатында ұйымдардың әлеуметтік  инвестициялары туралы деректерді салыстыруды, өңірлердегі әлеуметтік салаға жұмсалған шығындардың ашықтығын қамтамасыз ету сызбасын талқылады. Сонымен қатар, қызметкерлерді 2015 жылғы ИПДО салыстыру бойынша компанияның техникалық тапсырмасына  оқытуға, біліктіліктерін  арттыруға және қайта даярлауға бағытталатын шығын көлемі бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өз міндеттемелерін орындауы бойынша есептілігі туралы ақпаратты енгізу мәселесі де қаралды. 

 

Мемлекеттік наградалар

PDF Баспаға жіберу E-mail
17.12.2015 00:00
MEIR6733

Қазақстанның Тәуелсіздік Күні қарсаңында  Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Төрағасы, KAZENERGY  Қазақстан мұнай-газ және  энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекеттік наградтау салтанатын өткізді  

Қазақстан Республикасының  Президенті  Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының  2015 жылғы 3-желтоқсандағы № 124 Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға   зор үлес қосқаны үшін «Парасат» орденімен төмендегі тұлғалар наградталды:

 

ҚР Тәуелсіздік Күні

PDF Баспаға жіберу E-mail
15.12.2015 14:46
independent_1

KAZENERGY қауымдастығының серіктестері мен мүшелерін  қауымдастық ұжымы  еліміздің басты мерекесі – ҚР Тәуелсіздік Күнімен құттықтайды! Сіздермен  жұмыла атқарып отырған істеріміз табыстан табысқа жете беруіне тілектеспіз. Біздің Отанымыз 24 жасқа толып отыр. Шынайы мақтан тұтатын қол жеткізген же­тістіктер  көп.   Елімізге  тұрақтылық пен өркендеу тілейміз, барша халқымызға сәттіліктер, игілік  және бейбітшілік, азаттық және гүлдену жолындағы бақытты болашақ тілейміз!

 

Бүгін KAZENERGY қауымдастығы жанындағы Заңнама бойынша сарапшылық кеңестің Халықаралық мұнай-газ келіссөздері бойынша мамандардың қауымдастығымен бірлескен кеңейтілген мәжілісі өтті

PDF Баспаға жіберу E-mail
11.12.2015 16:23
IMG-20151211-WA0003

Күн тәртібінде өзекті де маңызды тармақтар болды, атап айтқанда, экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жоспары мен жұмыс нәтижелері,  ілеспе газды жағуға берілген рұқсатнамалардың қолданылу мерзімін ұлғайту мүмкіндігі  сөз болды.  Геологиялық жұмыстарды жүргізу сатысында жұмсалған шығындарды блоктар бойынша жасалған барлау келісімшарты бойынша шығындарға жатқызу мәселесі де қаралды. 

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL