Бабалар салған сүрлеумен сан ғасырдың сағынышын арқалап келеді

размер шрифта: Aa | Aa
22.07.2013 14:36

Баспасөз баяны. 22.07.2013 - Қазақпен бауырлас мажар жұрты Тұран даласын бабасының кіндік кесіп, кір жуған киелі Атамекені деп біледі. Тегін танып, тарихына тұшынуға талпынғандар бірде ғылыми экспедициялар, енді бірде тарихы-этнографиялық салт атты жорық ұйымдастырып, Қазақстан жеріне жиі сапар шегіп тұрады.

Биыл да ат төбеліндей бір топ іскер азамат Будапешт-Қостанай-Астана атты автошеру ұйымдастырып, жолға шықты. Шілденің 15-і күні Венгрия астанасы Будапешттен аттанған керуен алдымен Мәскеу, Қазан қалаларын көктей өтіп, Челябинск арқылы Қостанайға жетпек. Торғай даласындағы бабаларының байырғы мекеніне жетіп, киелі топыраққа тағзым етеді. Сол өңірдегі қандас, түбі бір туыстас мадиярлардың бүгінгі тыныс тіршілігіне қанықпақ. Өйткені өзгені айтпағанда қазіргі қазақ пен мажар тілінде мағыналас 3 мың сөз бар. Автокеруен одан соң зерлі Зерендіде аяқ суытып, кейін Астанада қазақ-мажар іскерлік кеңесі өкілдерімен жүздеспек. Мақсат экономикалық байланысты одан әрі нығайта түсу. Делегация құрамындағы іскер азаматтар экологиялық жоба, құбыр өндірісі, су тазарту, өлшеуіш қондырғылар шығару салаларында қандас қазақ елінің кәсіпкерлерімен тізе қосып, қанаттаса жұмыс істесек деген ниетте. Одан бөлек ауыл шаруашылығы, атап айтсақ ет өндірісі мен өңдеу ісінде сенімді серіктестер табуға талпынып отыр. Керуенмен жеткен медицина ғылымдарының докторы, Pécs академиялық бөлім жетекшісі Dостоr László Kornya денсаулық сақтау саласында қазақстандық әріптестерімен екі жақты тиімді байланыс орнатуды көздейді. Сондай-ақ фармацевтика, химия өндірісі мен ІТ салаларында қазақ кәсіпкерлерімен бірлесе жұмыс істеуге білек сыбанып келген бизнесмендер де бар. Қазақ-мажар іскерлік кеңесінің мамыр айында өткен кезекті отырысында Мажарстанның халықаралық қаржылық институттармен байланыс министрі Варга Михайлы 2017 жылға дейін сауда айланым көлемін 3 есеге арттыруды көздеп отырғанын айтты. Бұл автокеруен сол бағытта атқарылып жатқан нақты істің бір парасы деуге болады.

 

Баспасөз қызметі
KAZENERGY Қауымдастығы
+77172790181
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту