Келісіп пішкен тон келте болмас

размер шрифта: Aa | Aa
09.08.2013 14:15

KAZENERGY қауымдастығы  

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ. Таяуда мұнай және газ саласындағы негізгі 15 кәсіби стандарт бекітілмек. Игі істі ілкімді дамыту үшін мүдделі тараптар «KAZENERGY» қауымдастығында бас қосты. Алдымен «Техникалық және кәсіби білім беруді жаңғырту» жобасы аясында  «Career-Holdings» компаниясының сарапшылары әзірлеген салалық біліктілік шеңбері сөз болды.

Оны алдымен мұнай мен газды өндіріп, кеніштерде бұрғылау жүргізетін NCOC, ТШО, «ҚазМұнайГаз», «МаңғыстауМұнайГаз», «Career-Holdings», «МангыстауПромЭкспертиза» компанияларының өкілдері қызу талқылады. Келесі күні мұнай мен газды өңдеуші кәсіпорындар, атап айтсақ: «ҚазМұнайГаз», «Тенгизшевройл», «МангыстауПромЭкспертиза», Атырау мұнай өңдеу зауыты  өкілдері мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушылары, мұнай және газ министрлігінің мамандары жобаға қатысты өз ұсыныс, пікірлерін білдірді. Үшінші күні мұнай мен газды тасымалдаушы компаниялар: «ҚазТрансОйл», «Азиатский газопровод», «ҚазТрансГаз», «МангыстауПромЭкспертиза» өкілдері мен мұнай-газ саласы мамандарын дамыту орталығы, «Контрактное Агентство» мамандары қызу талқылап, өздерінің сын-ескертпелерін айтты. Мұнай химия мен мұнай химия өндірісінің өкілдері де назардан тыс қалмады. Бірлескен химиялық компаниясы өкілінің пікір-пайымы тыңдалды. Осылайша кәсіби стандарттардың қабылдануына мүдделі тараптар тегіс қамтылып, олар ашық пікір алмасты. Үш күндік салалық кеңеске Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов төрағалық етті. Ол жиында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Бүкіләлемдік банк арасындағы келісім шеңберіндегі «Техникалық және кәсіби білім беруді жаңғырту» жобасы аясында әзірленген кәсіби стандарттарды тамыздың 8-іне дейін жетілдіруді тапсырды. Толықтырылып, пысықталған жоба тамыздың 14-і күні мұнай-газ саласына кәсіби-техникалық мамандар даярлау жөніндегі салалық кеңестің отырысында қаралмақ. Осылайша бұған дейін Қазақстанда бекітілмей келген 15 кәсіби стандартты қағазға түсіріліп, хатталмақ.

KAZENERGY қауымдастығының
баспасөз қызметі  
+77172790181,  790199
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту