2013-2014 жылдарға арналған Салалық келісім-шартты әзірлеуге арналған кеңейтілген кеңес өтті.

размер шрифта: Aa | Aa
09.08.2013 17:44

2013-2014 жылдарға арналған Салалық келісім-шартты әзірлеуге арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Нарыққа өту түрлі деңгейде әлеуметтік – еңбек  қатынастарын келісіп реттеу, жұмысшы мен жұмыс берушінің әлеуметтік – экономикалық мүдделерін келісуді қажет етті. Соның салдарынан әлеуметтік – еңбек  қатынасының реттеу саласына сай ҚР Еңбек Кодексінің  275 бабы, сондай-ақ ҚР «Әлеуметтік серіктестік туралы» Заңының 4 тарау 15 бабына сәйкес келісімдердің төмендегі түрлері түзіледі: бас, салалық, аймақтық.

Әлеуметтік серіктестік жүйесінде салалық үш жақты келісім шарттардың орны ерекше. Онда Үкімет атынан – салалық  министрлік, жұмыс берушілер атынан – салалық қауымдастық, жұмысшылар атынан – салалық кәсіподақ келісімге келеді. Салалық келісім-шарт еңбек пен оның төлену нормаларын, әлеуметтік кепілдемелер мен сала жұмысшыларына арналған жеңілдіктер, және әлеуметтік серіктестікке уағдаласқан әр тараптың міндеттері мен құқықтарын бекітеді.

Салалық келісім – шарт та  ұжымдық келісім – шарт  қатарлы, негізгі базалық құжатқа қатысты жұмысшылардың құқықтары мен кепілдіктерін нақтыландырып, толықтырыла түсу үшін қажет. Әлеуметтік – еңбек саласындағы кикілжіңдердің алдын алу мәселенің өзектілігін ескере отырып, салалық келісім – шартты  – кикілжіңдердің және кикілжіңді жағдайларды басқару құралы деп қарастырған жөн. 

ҚР Еңбек Кодексінің нормаларын жүзеге асыру аясында жұмыс берушілердің өкілі ретінде «KAZENERGY» қауымдастығының Атқарушы комитеті 2013 жылдың басынан бастап 2014-2016 жылдарға арналған Салалық келісім-шартты әзірлеу жұмысын барынша қарқынды қолға алды.

 Осы әрекет аясында 2013 жылы тамыздың 8-і күні «KAZENERGY» қауымдастығында Салалық келісім-шарт жөнінде кеңейтілген жұмыс отырысы өтті. Оған қауымдастық мүшелері: "ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В." филиалы, TethysPetroleumLimited,  "ҚазРосГаз" ЖШС, "Тенгизшевройл" ЖШС,  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдіру» АҚ, АМӨЗ, Казстройсервис, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз»МТК» АҚ, AgipKarachaganak B.V, «ПМӨЗ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, және т.б. қатысты. Күн тәртібіне төмендегі мәселе шығарылды:

Ұсынылған құжаттың ережелерін жалпы талқылау арқылы Салалық келісім – шарт жөнінде «KAZENERGY» қауымдастығы мүшелерінің бірыңғай пікірін топтастыру.

 KAZENERGY қауымдастығының
баспасөз қызметі  
+77172790181,  790199

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту