VII Астана экономикалық форумының және II Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясы бағдарламасы жобасының тұсаукесері

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2013 16:57

alt alt alt

2013 ж. қазан айының 9 күні VIII  KazEnergy  Еуразиялық  Форумы  аясында  «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының ұйымдастыруымен Астанада VII  Астана экономикалық форумының (АЭФ) және  II Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясының (ДҚДК)   баспасөз – конференциясы өтеді.

Баспасөз-конференциясы барысында қатысушыларға  2014 жылдың  мамыр айының  21-23  аралығында Астана қаласында  ұйымдастырылатын VIІ АЭФ  және  ІІ ДҚДК- ның  бағдарлама жобасы таныстырылатын болады. 

Баспасөз-конференциясының спикерлері:

Серік  НӨГЕРБЕКОВ,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы»  Қауымдастығының  Үйлестіру комитетінің тең төрағасы;

 Шара модераторы :

Ләззат КӨККӨЗОВА,  Success K Медиа агенттігінің бас директоры.

Баспасөз-конференциясының өтетін жері мен күні:

09.10.2013ж., 15.30, Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы, 1 қабат, баспасөз-конференциялар залы.      

Анықтама: VI Астана экономикалық форумы мен  тұңғыш Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясына «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы   132 мемлекеттен  12 мыңнан  аса қатысушыны жинады. Форумға 35 қазіргі және бұрынғы министрлер,  40 астам халықаралық ұйымдардың, корпорация мен кәсіпорындардың жетекшілері қатысты.  Дүниежүзілік дарысқа қарсы Конференциясы  тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылып,  БҰҰ үшін  Әлемдік дағдарысқа қарсы   жоспар жасауға  негізделген. Тұңғыш  ДҚДК нәтижесі бойынша  ДҚДК-ның  «Астана декларациясы»  қабылданды. «Астана декларациясы»  G-20-ның қатысушы мемлекеттеріне әлем экономикасын дамыту мен сауықтыруға байланысты, Еуразияның, мұхиттың арғы бетіндегі елдердің, жалпы Ислам әлемінің және банк секторын біріктіретін,  G-8 бен G-20-ның ұйымдастыру комитетіне, БҰҰ-на, Халықаралық валюта қорына, Дүниежүзілік банк пен  Экономикалық даму мен ынтымақтастық ұйымына бағытталады.

Қосымша ақпарат:

«Success K» Медиа агенттігінің  қазақстандық БАҚ-пен жұмыс жасайтын менеджер Талғат Қайыргелдинов, Тел.:: +7 701 500 07 64, e-mail:  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

 «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының қоғаммен байланыс бойынша маманы Динара Каршалова

Тел.: +7 (7172) 57 98 18, e-mail:   Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту