Қазақстандық үлес БМК назарында

размер шрифта: Aa | Aa
04.10.2013 17:01

Астанада  VIII Еуразиялық KAZENERGY Форумы аясындағы семинар – дөңгелек үстелде жергілікті үлес мәселесі талқыланады. «Жергілікті үлесті дамыту – халықаралық тәжірибе мен озық тағылымдар»  атты семинарды Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (БМК) жанындағы Қазақстанның ұлттық комитеті ретінде  KAZENERGY  Қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Осы орайда ұйымдастырушылар Қазақстан тарапының бастамасымен БМК жергілікті үлес мәселесін аймақтық деңгейде алғаш рет қарастырып отырғанын айрықша атады. Өйткені жаһандық мұнай-газ саласын дамытуда жергілікті үлес түйткілдерінің мәні ерекше. Әрі біздің ел үшін бұл мәселе бүгінде төтенше өзекті. БМК хатшылығы Астанада жинақталған жұмыс тәжірибесін келесі семинарларда кеңінен қолданбақ. Өйткені Уругвай, Испания мен Ұлыбритания елдерінде де дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланып отыр. 

Дүйсенбі, ағымдағы жылы қазанның 7 күні, Энергетикалық Форумның басталуына бір күн қалғанда, Қазақстан астанасы әлемдік мұнай-газ саласы серкелерінің төрт көзі түгел жиналып, алқалы отырыс өткізетін орталығына айналады. Семинарға Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин, БМК Бас вице-президенті Йожеф Тот, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Вице-министрі Нұрлан Сауранбаев, Бразилия мұнай институтының Атқарушы хатшысы Антонио Гумараеш пен Латын Америкасы, Еуропа мен Африка елдерінің БМК жанындағы ұлттық комитеттерінің өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде халықаралық тәжірибе талқыланып, инновациялық тың тәжірибе зерделенеді. Сондай-ақ, мұнай-газ саласындағы жергілікті үлесті дамытудың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылып, жіті талданбақ. Семинардың нәтижесі келесі жылы Мәскеу қаласында өткізілетін Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің Арнайы Сессиясына ұсынылмақ.

Қазақстан Республикасы экономиканы үдемелі индустриализациялау бағдарламасын қарқынды жүргізіп жатыр. Сол себепті өңдеу секторын дамыту, бәсекеге қабілетті әрі экспортқа бағдарланған отандық өндірісті құрудың тиімді жолдарының бірі саналады.

БАҚ өкілдерін аталған семинарға белсене қатысуға шақырамыз. Толымды ақпаратты Сіздерwww.kazenergyforum.com форумның ресми сайтынан таба аласыздар.

KAZENERGY Қауымдастығының Баспасөз қызметі

+77172790181, 790199

Email:  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

Іс-шараның өткізілу орны –  Пекин Палас Soluxe Hotel Astana қонақ үйі.

Күні және уақыты: 10:00 с., 07/10/2013

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту