2013 жылдың 8 қазанында «Энергетиканың тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі» атты Ханымдар Энергетикалық Клубының 1-ші отырысы өтеді («The Role of Women in Sustainable Energy Development»)

размер шрифта: Aa | Aa
24.09.2013 16:39

2013 жылдың  8 қазанында «Энергетиканың тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі» атты Ханымдар Энергетикалық Клубының 1-ші отырысы өтеді («The Role of Women in Sustainable Energy Development»).

Ауыр сала бойынша кәсіп алып мамандық меңгерген, энергетика мен мұнай-газ салаларында еңбек етіп жүрген әйелдер қауымын қолдап, олардың жеке өмірін, отбасын, денсаулығын және туындаған түйткілді мәселелерін шешу үшін VIIІ Еуразиялық KAZENERGY Форумы аясында тұңғыш рет озық халықаралық ұйымдардың  тәжірибесін тарату жолымен «Энергетиканың тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі» («The Role of Women in Sustainable Energy Development») тақырыбында Ханымдар Энергетикалық Клубының 1-ші отырысы өткізіледі.

Ескере кетейік, посткеңестік кеңістікте Ханымдар Энергетикалық Клубының отырысы бірінші рет өткізілуде. Бұл жиынның мақсаты – әлемнің әр қиырында мұнай-газ бен энергетика салаларында еңбек етіп жүрген ұйымшыл әйелдердің кәсіби байланыстарын нығайтуға қолайлы жағдай туғызып, оларды біріктірудің Еуразия кеңестігіндегі бірегей тұғырманасын құру.

Отырысқа мұнай-газ және энергетика саласында жұмыс істейтін отандық және шет елдік компания өкілдері, тәуелсіз қоғамдық ұйымдардан жалпы саны 80-100 адам қатысады.

Кез келген мемлекеттегі барлық қарқынды дамушы салалардағы әйелдердің рөлі үздіксіз артып келеді. Өйткені олар әлеуметтік-экономикалық даму, гендерлік саясат пен мәдени тұрақтылық, құқықтық салаларға ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мұнай-газ бен энергетика саласында еңбек етіп жүргендердің 25% - әйелдер. Олардың білім алып, біліктілігін шыңдап, ер адамдармен қатар жүруіне ешбір шектеу қойылмай, барлық жағдай жасалған. Алайда әйелдер арқылы меңгерген білімді белгілі бір сала мен қоғамның дамуына толық жұмсау әзірге мүмкін болмай тұр.  

«Энергетиканың тұрақты дамуындағы әйелдердің рөлі» дискуссиясында «Мұнай саласындағы әйелдер көшбасшылығының алғы шарттары», «Болашақтың қуатындағы әйелдердің рөлі», «Компаниялардың гендерлік саясаты: дәстүрлілік – бітімгерлік – теңдік», «Жетекші-әйелдердің әлеуметтік әріптестік пен бизнестің тұрақты өрлеуіндегі рөлі» атты негізгі тақырыптар талқыланады. 

Ханымдар Энергетикалық Клубының 1-ші отырысын өткізудегі негізгі міндеттер: осы саладағы әйелдер қауымын толғандыратын түйткілдерді анықтап талқылау, соған сәйкес тиімді шешімдер қабылдау, оны жүзеге асыру; халықаралық энергетика мен мұнай-газ компанияларының тәжірибесімен танысуға мүмкіндік жасап, тәжірибе алмасуға жол ашу; саладағы әйелдер бастамасының дамуына септігін тигізу; энергетика мен мұнай-газ компаниялары жұмысының нәтижелеріне гендерлік әртараптандырудың тигізген ықпалын анықтау; шет ел компанияларында әйелдердің саны мен мәртебесін жоғарлату мақсатында табысты жүзеге асқан бастамаларды қарастыру. 

Спикерлер:  

Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы – ҚР Президентінің Кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер мен отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы;

Ақкайсиева Айзада Үмбетқызы - "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" АҚ қаржы директоры, Ұлттық комиссия мүшесі;

Оле Йохан Берной –ҚР Норвегия Корольдігінің Елшісі;  

Дұзбаева Мейрамкүль Алтынбекқызы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Басқарма төрағасының салалық мәселелер бойынша орынбасары, Басқарма мүшесі;

Сью Уитбред - PWX consulting company басшысы;

Сырғабекова Әсия Нарыманқызы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамының Қаржы Директоры;

Джулия Нанай –PFC Energy Басқарушы Директоры;

Есболатова Зейнеп Мұстафаевна – «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының нормативті-техникалық реттеу департаментінің басшысы.

Негізгі бастамашы мен ұйымдастырушы: «KAZENERGY» Қауымдастығы

Тең-Ұйымдастырушы: «Success K» Медиа агенттігі


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту