Мұнайгаз саласы қызметкерлерінің жұмыс уақыты қысқарды

размер шрифта: Aa | Aa
27.11.2013 13:00

Мұнай және газ саласындағы қызметкерлердің жұмыс уақыты 40 сағаттан аспауы тиіс. Мұндай шешім бүгін KAZENERGY қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен адам капиталын дамыту жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің мәжілісінде қабылданды.

KAZENERGY қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен жиында мұнай және газ саласына қажетті мамандардың санын белгілеу жөніндегі мәселелер, 2014 жылға арналған жұмыс жоспары мен сертификаттау орталығын құру үлгілері талқыланды. Сонымен қатар, отырыс барысында Мұнай және газ министрлігі, KAZENERGY қауымдастығы және Мұнай және газ секторы жұмысшыларының кәсіби одағы арасында 2014-2016 жылдарға арналған салалық келісімге үш мекеменің басшылары қол қойды.
«Аталған келісім бойынша, мұнай және газ саласындағы жұмысшылардың жұмысының ауыр екендігі ескеріле отырып, жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан, яғни, тәулігіне 8 сағаттан аспауы тиіс. Егер де жұмыс уақыты бекітілген уақыттан асып жатса, онда жұмысшыға қосымша ақы төленеді», - дейді ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

Астана. 26 қараша. baq.kz

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту