Теңіз кеніші Келешек кеңею жобасы шеңберіндегі Қазақстандық қамтушылар форумы

размер шрифта: Aa | Aa
10.04.2014 13:01
Бүгін “Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Теңіз кенішінің өндіріс қуатын едәуір ұлғайтудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) бойынша Қазақстандық тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етушілер форумын өткізді.
 
Қазақстандық тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етушілер форумына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Ө. Исекешев, ҚР Мұнай және газ министрі Ұ. С. Қарабалин, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министірлігі, ҚР Мұнай және газ министірлігі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, қазақстандық салалық қауымдастықтар, ұлттық агенттіктер, одақтар, сонымен бірге шетелдік және жергілікті компаниялардың өкілдері қатысты.
 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Ө. Исекешев Форум қатысушыларына арнаған сөзінде: «Елбасы тапсырмасына сәйкес, мұнай өңдеу және өндіру өнеркәсібін тауарлар, жұмыстар және қызметтермен қамтамасыз ету индустриалды дамудың алдағы бірнеше жыл ішіндегі ең маңызды бағыттарының бірі болып анықталды. Осы мақсатқа жетудің бір жолы - Теңіз кен орнындағы Келешек кеңею жобасы шеңберінде шетелдік компаниялармен бірлескен кәсіпорындарды құру болып табылады. Аталмыш шара жергілікті қамтуды арттырып қана қоймайды, елге шетелдік капиталдың келуіне мүмкіндік береді» - деп атап өтті.
 
Форумда сөз алған ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.С. Қарабалин: «Елбасымыз трансұлттық компаниялардың Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан индустриалды инновациялық саясатты қолдаулары мен оған белсенді қатысуларының қажеттілігін бірнеше рет атап өтті. Республикадағы ең ірі операторлардың бірі болып табылатын «Теңізшевройл» ЖШС-нің жергілікті бизнесті барынша тарту арқылы жобадағы мұнай өндіруді ұлғайту бастамасы Президент тапсырмасына сай келеді» - деді.
Өз кезегінде ТШО-ның бас директоры Тим Миллер: «ТШО-ның аса маңызды мақсаттарының бірі - қызметіміздің барлық бағыттары бойынша қазақстандық тауарлар мен қызметтер қолдану аясын кеңейту. Бұл мақсат әркез кәсіпорынның басты назарында болды, алда да солай болады» - деп атап өтті.
 
Келешек кеңею мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобаларын жүзеге асыру Теңіз кенішінің өндірістік қуатын жылына 12 миллион тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік беріп, ТШО-ның жалпы өндірісін жылына 36 миллионға дейін арттырады деп күтілуде. Болжам бойынша ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ үшін қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға шамамен 7,8 млрд. АҚШ долларын жұмсауды жоспарлауда. Бұл - жобаға арналған толық қаражаттың шамамен 33 пайызы.
 
Форумның мақсаты - жергілікті компанияларға ККЖ-ҰЕҚБЖ және табысты қызмет атқарып жүрген бірлескен кәсіпорындар туралы, қазақстандық жабдықтаушыларға аталмыш жобаларға қатысу мүмкіндігі бойынша ақпарат беру.
Ключевые слова: Қазақстандық қамтушылар форумымұнайгазТШО
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту