Шелл Жол картасын практикалық іске асыру қадамдары

размер шрифта: Aa | Aa
03.09.2014 10:45

Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші саласын ғылыми-технологиялық дамытудың жол картасын іске асыру шеңберінде 2014 жылғы 13 тамызда  ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен «Өндірістік жабдық» жол картасының  2-бағытын іске асыру шеңберінде «Теңізшевройл» ЖШС бастамасы бойынша  жер қойынауын пайдаланушылардың, салалық ұйымдар мен қауымдастықтардың қатысуымен Дөңгелек үстел өтті. Модератор - «Теңізшевройл» ЖШС Жол картасын практикалық іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынды.

Сонымен қатар, 2014 жылғы 9 қыркүйекте Лукойл Оверсиз Сервис Б.В. компаниясы «Флюидтер динамикасы және өңдеу» Жол картасының 3-секциясы бойынша техникалық семинар өткізді.

Осы семинар шеңберінде қатысушы компаниялар іске асыратын  озық тәжірибе мен технологиялар, қатысушы компаниялардың келісімшарттық аумақтарында кен орындарын иегру кезінде туындайтын қиындықтар мен мәселелер, сонымен қатар секция жұмысының негізгі бағыттарын пысықтау жөнінде сөз қозғалды.    

Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші саласын ғылыми-технологиялық дамытудың жол картасын Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.  компаниясы 2013 жылғы 22 мамырда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде таныстырғанын атап көрсетеміз.

Мәжіліс қорытындысында Елбасы шетелдік инвесторларды  белгіленген технологиялық бағыттардың бірін іске асыруға қатысуға шақыра отырып, ҚР Үкіметіне, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және «KAZENERGY» қауымдастығына «Жол картасының» іске асырылуын ұйымдастыруды тапсырды.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту