
16 қыркүйекте KAZENERGY қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесінің мәжілісі өтті
размер шрифта: Aa | Aa |
23.09.2014 15:00 | ||
Мәжілісте мынадай мәселелер талқыланды:
Мәжілісте «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ бас геологы, геология жөніндегі басқарушы директоры - К.О.Исқазиевтің, И.М.Губкин ат. Мұнай және газ РГУ инновациялық қызметтер және коммерциялау жөніндегі проректоры - М.А.Силиннің, «Шелл» компаниясының Үкіметпен байланыс жөніндегі кеңесшісі – А. Леонтьевтың және «BG Казахстан» даму және өндіріс жөніндегі Вице-президенті – Эндрю Николстың баяндамалары тыңдалды. Анықтама: Ғылыми-техникалық кеңес Қауымдастықтың 2012 жылғы 1 шілдедегі 13- кеңесінің шешімімен құрылды. Осы кеңестің мақсаты мұнай-газ және энергетика салаларындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың және инновациялық технологиялардың тиімді бағыттарын Қауымдастық құрамына кіретін компания-мүшелердің қызметтерін жоспарлауға, ұйымдастыруға, әзірлеуге және практикалық қолдануларына көмек көрсету мақсатында айқындау және талқылау болып табылады. Осы консультативтік органның негізгі мақсаты Қауымдастық ұйымдарында ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметтерді ұйымдастыруға және үйлестіруге көмектесу. Мұнай-газ және энергетика секторларының ғылыми және инновациялық әлеуетін ескерсек, біздің компанияларымыздың ғылыми-технологиялық әзірлемелерді құру және дамытуда шешуші рөлге ие болатыны анық.
|