
Бүгін "KAZENERGY –КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР" Қазақстан-Ресей Жастар Форумы басталды
размер шрифта: Aa | Aa |
29.09.2014 11:12 | ||
Форумның бірінші күні "KAZENERGY": "5 жыл – нәтижелер мен жоспарлар" тақырыбында өтетін стипендиаттар слетінің ашылуы жоспарланған. Кездесу барысында нәтижелер, жастардың мәселелері, болашағы және даму мүмкіндіктері талқыланбақшы. Слетпен қатар бір уақытта: "Қазақстан мен Ресейдің жас кәсіпкерлері: болашаққа жол. Көшбасшылар диалогы", "Жас мұнайшылар - кәсіпқойлық жолы" және "Инновацияларды енгізу жолдары" атты форсайт-сессиялар өткізілмек. Форумға шақырылған спикерлердің лауазымы жоғары екенін айта кеткен жөн. Олар: қос елдің Үкіметінің өкілдері, ірі мұнай компанияларының және озық оқу мекемелерінің топ-менеджерлері. Форум шеңберінде инновациялық идеялардың озық таныстыруларына "Innovation man" атты жастар командасы арасында байқау өтеді. Жобаларды мұнай-газ компаниядарының өндірістік департаменттерінің өкілдері бағалайтын болады. Форумның алғашқы күнінің екінші жартысында қатысушылар "Кәсіпқойлық жолдары – ұрпақтар диалогы" және "Инновациялар арқылы көшбасшылыққа бастау" атты мастер-кластарға қатысады.
|