Тимур Құлыбаевтың қатысуымен «KAZENERGY» қауымдастығының өңірлік сессиясы

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2014 11:51

Өңірлік жылу компанияларына «KAZENERGY» қауымдастығының таныстыру сессиясын өткізу шеңберінде  29 қыркүйекте Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының мұнай-газ және энергетика саласының компанияларымен кздесу өтті. Кездесуге  «KAZENERGY» қауымдастығының басшылары: Төраға  Тимур Құлыбаев, Төрағаның Орынбасары Жамболат Сәрсенов  пен Бас  директор Әсет Мағауов қатысты .

Мәжіліс барысында «KAZENERGY»   қауымдастығыгың 2013 жылғы және 2014 жылғы 9 айдағы қызметтерінің нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар,  мұнай-газ компаниялары баяндаған экология және салық салу бөлігіндегі толғақты мәселелер тыңдалды.

Кездесуге қатысушылар Қауымдастықтың Қазақстанның жылу-энергетикалық кешенін дамыту мүддесінде жасаған қадамдарын жоғары бағалады. Осылайша, мәжілісте «KAZENERGY» қауымдастығы әзірлеген және шығарған Ұлттық энергетикалық баяндама туралы оң пікірлер айтылды және жер қойнауын пайдалану бөлігіндегі елеулі жетістіктер атап көрсетілді. Қауымдастық басшылығы, өз кезегінде, мұнай-газ компанияларын Жер қойнауы туралы кодекс тұжырымдарын әзірлеу және т.б.  сияқты еліміздегі инвестициялық климатты жетілдіруге бағытталған Қауымдастықтың барлық жұмыстарына белсене араласуға шақырды.

Сондай-ақ, «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов Маңғыстау және Қызылорда облыстарының мұнай-газ және энергетика секторының компанияларымен 23-24 қыркүйекте өткізілген осындай  кездесулер туралы әңгімеледі.

Осы күні Қауымдастық басшылығы  BG Kazakhstan Президенті Питер Костелломен Қарашығанақ жобасын іске асыру мәселелері бойынша екіжақты кездесу өткізді.

Қауымдастық қызметтері бойынша таныстыру сессияларын өткізу мақсатында KAZENERGY қауымдастығының басшылығы Қазақстан өңірлеріне жұмыс сапарын жасауды жоспарлап отыр. Сапар барысында  мұнай-газ және энергетика саласының компанияларымен жалпы және екіжақты кездесулер өткізу жоспарлануда.

Баспасөз қызметі

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

79 01 81

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту