Таяудағы жиырма жылда әлемдегі энергия тұтыну ауқымы бір жарым есеге өседі және 17 млрд. тонна шартты отыннан асады

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2014 15:50

Таяудағы жиырма жылда әлемдегі энергия тұтыну ауқымы бір жарым есеге өседі және 17 млрд. тонна шартты  отыннан асады.  Бұл жөнінде өзінің құттықтау сөзінде ҚР Энергетика министрінің Бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин Атыраудағы «KAZENERGY» Жастар форумының салтанатты ашылуында мәлімдеді.

Іс-шараға «KAZENERGY»  Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры Әсет Мағауов, РФ Энергетика министрлігінің  мемлекеттік энергетика саясатының директоры Алексей Кулагин, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаментінің директоры Жасұлан Шаймарданов, РФ Үкіметі жанындағы сарапшылық кеңестің мүшесі, УрГЭУ ректоры Михаил Федоров, Астана қ. «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В.» филиалының директоры  Андрей Кириллов та қатысты. 

Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры Әсет Мағауов форум қатысушыларына арнап сөйлеген сөзінде Қауымдастықтың бұдан әрі қарай да республиканың адами капиталын дамытуға жан-жақты қолдау білдіретінін атап көрсетті және жастарға тынбай білім алуға, еңбек етуге   және әрдайым биіктерге ұмтылуға тілек білдірді.

ҚР Энергетика министрінің Бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин  өз сөзінде энергетикалық ресурстардың әлем экономикасының бүгінгі және боалшақ ахуалын айқындайтынын атап көрсетті. «Осы тұрғыдан алғанда дәстүрлі технологиялық  тәртіпте ресурстардың сарқылу мәселесі туындайды. Көмірсутекті өндірудің, тасымалдаудың, өңдеудің қолданыстағы әдістерінің тиімділігін арттыратын жаңа әдіс-тәсілдердің қажеттілігі артып отыр. Жаңа қиындықтар жоғары білікті, қажырлы әрі жігерлі кадрларды  қажетсінеді», - деді Ұзақбай Қарабалин.  Бірінші вице-министрдің пікірінше, бүгінгі мұнай-газ саласының жастары жаңа креативтік тәсілдерді пайдалана отырып және саланы техникалық және технологиялық жағынан жетілдіре отырып  әлем энергетикасының болашағына негіз қалай алады.  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту