XI Жастар форумы шеңберінде өткізілген озық инновациялық жобаны айқындауға арналған "Innovation man" байқауының қорытындысы шығарылды

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2014 15:51

XI Жастар форумы шеңберінде өткізілген озық инновациялық жобаны айқындауға арналған "Innovation man" байқауының қорытындысы шығарылды. Оылайша,  3 – орынды  және 100 000 теңге көлеміндегі сыйлық қорын «Қаражанбасмұнай» АҚ  ұңғыма зерттеу жөніндегі аға инженері Ақмұханов Руслан иеленді. "Қабаттың забой маңындағы  аймағын  кешенді тазарту" жобасы.
2 – орын және 200 000 теңге  көлеміндегі сыйлық қорын  «Физика-химиялық зерттеу әдістері» инженерлік саласындағы зертхана  инженері Айнабаев Асанәлі алды. "Кокс-химия өндірісінің қалдықтарынан ЖЖМ, композиттік материалдар, битумдар және мастика алудың жаңа технологиясы" жобасы.

Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ ғылыми қызметкері Матаева Айшаның жұмысы ең озық жоба деп танылды. Жоба  "Нанокаталиттік жүйедегі мұнайдың орта фракциясын кавитациялық өңдеу (200-300 С) " деп аталады. Сыйлық қоры  300 000 теңгені құрады.

Жобаларды бағалауға төмендегілер шақырылды: 
- Бейбіт Мамраев, Х.Досмұхамедов ат. Атырау мемлекеттік университетінің ректоры.
- Қаныш Төлеушин, Басқарушы директор – Басқарма мүшесі, "Бәйтерек» АҚ
- Олжас Кемелов, «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» филиалы Бас директорының орынбасары
- Александр Костерин, инновациялық даму жөніндегі техникалық бөлім бастығының орынбасары, Атырау мұнай өңдеу зауыты 
- Талғат Тасқынбаев, «Ембімұнайгаз»  АҚ өндірісті оперативтік басқару департаментінің директоры

Жастарды инновациялық жаңалықтарға ынталандыру және оларды өндіріске енгізу осы байқаудың мақсаты болып табылады. 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту