«KAZENERGY –КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР» ЖАСТАР ФОРУМЫ

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2014 16:15

Атырауда екі елдің Елбасыларының қатысуымен Қазақстан және Ресей ХI өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде өткен «KAZENERGY –көшбасшылық және инновациялар» Жастар форумы өз жұмысын аяқтады.

Жыл сайынғы Жастар форумына мемлекеттік органдардың, мұнай-газ және энергетика комппанияларының өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері, Қазақстан мен Ресейдің ЖОО және колледждерінің студенттері шақырылады.

Форумның мақсаты екі елдің жастарының  инновациялық ғылыми-техникалық және әлеуметтік коммуникациялық жобалардағы жетістіктерін көрсету, ресей-қазақстан жастарының ынтымақтастығын дамыту және жастар мен жастар ұйымдарының тиімді әрекеттестік ететін алаңын қалыптастыру болып табылады.  

Қалыптасқан дәстүр бойынша «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы стипендиаттарының слеті»  форумы ашылды.

Форум  бағдарламасы  аса мазмұнды болды. Екі күн ішінде оның алаңында 15-тен астам іс-шара өткізілді.  Мұнай-газ саласының инновациялық жобаларының көрмесі. «Қазақстан мен Ресейдің жас кәсіпкерлері: болашаққа жол. Көшбасшылар диалогы», «Жас мұнайшылар  –  ынтымақтастық көкжиегі» тақырыбында өткен панельдік пікірталастар. «Инновациялық  идеялар мен жобаларды іске асыру», «Кәсіби көшбасшылық және  инновациялар»  тренинг-семинарлары.

Жастар форумының шеңберінде И.М.Губкин ат. Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің ректоры Виктор Мартыновтың «Кәсіпқойлық жолы – ұрпақтар диалогы» атты және «Теңізшевройл» компаниясының Бас директоры Тим Миллердің «Инновациялар арқылы көшбасшылыққа жол ашу» атты мастер кластары өтті.

Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқушылары мен  «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасының түлектері  «Innovation man» инновациялық жобалар әзірлеушілерінің байқауында 12 бірегей инновациялық жоба әзірленді, жеңімпаздар белгіленді. 1 орынды және  300 000 теңге  көлеміндегі сыйлық қорын  Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ ғылыми қызметкері Матаева Айша жеңіп алды.

 «Жас мұнайшылар -  кәсіпқойлық жолы» сессиясында «KAZENERGY» Жастар комитетінің өкілдері өздерінің табысты еңбектерінің тәжірибесімен бөлісті. Панельдік сессиядағы нәтижелі  диалог пен тәжірибе алмасулардан кейін «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай-газ және энергетика салаларының жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы» меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға «KAZENERGY»  Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры Әсет Мағауов, ҚР Энергетика министрінің Бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин, РФ Энергетика министрлігінің  мемлекеттік энергетика саясатының директоры Алексей Кулагин, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаментінің директоры Жасұлан Шаймарданов, РФ Үкіметі жанындағы сарапшылық кеңестің мүшесі, УрГЭУ ректоры Михаил Федоров, Астана қ. «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Б.В.» филиалының директоры  Андрей Кириллов қатысты.

Форум қонақтарына арнап мәдени-ойын-сауық бағдарламасы, Атырау қ. кәсіпорындарына («Атырау мқнай өңдеу зауыты», «ҚазТурбоРемонт») саяхат ұйымдастырылды, сонымен қатар қатысушылар құрамасы арасында мини-футбол бойынша жарыс өтті.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту