«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексін әзірлеу: басты аспектілер мен негізгі новеллалар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция

размер шрифта: Aa | Aa
16.10.2014 14:35
_DSC3525

2014 ж. 15 қазанда Астанада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексін әзірлеу: басты аспектілер мен негізгі новеллалар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өтті.  Шараны «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика ұйымдары кешені қауымдастығымен бірлесіп Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. 

Конференцияға Қазақстанда және шетелде жер қойнауын пайдаланумен айналысатын немесе айналысуды жоспарлап отырған компаниялардың басшылары мен мүдделі қызметкерлері қатысты. Олар жер қойнауын пайдалануды реттеуге, сонымен қатар Қазақстанда оны қалай іске асыруға болатынына байланысты өз тәжірибелерін ортаға салды.

ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау, Chevron Corporation компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы құқықтық кеңесшісі Жұмагелді Елубаев, Қазақстандағы және алыс шетелдегі жер қойнауын пайдалануды реттеу бойынша жетекші ғылыми сарапшылар, сонымен қатар  энергетика, мұнай және тау-кен құқықтары саласында әлемдік деңгейде белгілі сарапшы,  Данди университетінің  профессоры (Ұлыбритания) Питер Кэмерон мырза баяндама жасады.

Әзірлеушілер «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексті қабылдау еліміздің геологиялық, мұнай-газ және тау-кен саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, жер қойнауын пайдалануға шетелдік және отандық инвестиция құюға серпін береді  және еліміздің мнералдық-шикізат базасын ұлғайтуға септігін тигізеді  деп санайды.

Конференцияға жалғастыра отырып «KAZENERGY» қауымдастығы  күрделі мәселелерді талқылауға арналған Дөңгелек үстел өткізді.

Мемлекет Басшысының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1399-4 ПАБ  тапсырмасы шеңберінде  Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика ұйымдары кешені қауымдастығымен  және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен  бірлесіп «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз.   

Қатты пайдалы қазбалар, сол сияқты көмірсутекті шикізат саласындағы қатынастарды реттейтін құқық нормаларын жүйелендіру, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып әкімшілік кедергілерді төмендету  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің негізгі мақсаты болып табылады.

Заң жобасын қабылдаудың құқықтық салдарлары: жер қойнауын пайдалану бойынша қатынастарды жоғары заң күші бар заңнамалық актімен айқын, нақты, тұрақты реттеу, нәтижесінде  – жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық қайшылықтарды азайту, норматиктік құқықтық актілерді қысқарту. Жер қойнауын пайдалану саласындағы  мемлекет пен инвесторлар мүддесінің сақталуына бағытталған жер қойнауын пайдаланудың либерал режимін белгілеу.

Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық  салдарлары: саланың инвестициялық климатын анағұрлым жоғары деңгейге  көтеру; жер қойнауын пайдалану саласындағы  жобалардың құқықтық режимінің қажетті тұрақтылығына қол жеткізуге байланысты жұмыс орындарының  белгілі бір «оң» тұрақтылығына қол жеткізу.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту