III ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ «ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ»

размер шрифта: Aa | Aa
05.11.2014 10:14

23-24 қазанда «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов  Италияда, Верона қаласында өткен «ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ» III ЕУРАЗИЯЛЫҚ  ФОРУМЫНА қатысты.   Ол «Энергетика» сессиясында форум қатысушыларының назарына  «Қазақстанның энергетика секторының болашағына шолу» тақырыбында баяндама ұсынды. Баяндамада ҚР көмір, мұнай-газ және уран саласы, жылу және электр энергиясын тұтыну, жаңармалы энергия көздерін  пайдалану және «жасыл бастамаларды» іске асыру, экономиканың энергия және ресурстық сыйымдылығын азайту бойынша  Қазақстан Республикасының әлеуеті   сияқты тақырыптар қаралды.

Сонымен қатар, Әсет Мағауов  өз баяндамасында ҚР ЖЭК дамыту перспективаларына баға берді және  осы кешенді мемлекеттік реттеу және инвестициялық тартымдылығын арттыру  механизмдерін жетілдіруге қатысты KAZENERGY атынан ұсыныстар  жасады.

Еуразиялық форумға сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және Өкілетті Өкілі А.К. Елемесов, Еуразия экономикалық комиссиясының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқасының мүшесі (Министр) Т. М. Сүлейменов, «Роснефть» ҰК» ААҚ Президенті  И.И. Сечин, Nord Stream AG  Басқарушы директоры Маттиас Варниг, Upstream Атқарушы  Вице-президенті Франко Маньяни  және басқалары қатысты. 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту