«KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов Каспий Техникалық Конференциясында сөз сөйледі

размер шрифта: Aa | Aa
13.11.2014 10:54

«KAZENERGY»  қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов  Астана қаласында 12 қарашада өз жұмысын бастаған Каспий Техникалық  бірінші өңірлік Конференциясы және SPE* көрмесінде  сөз сөйледі. Қатысушылар үш күн бойы Каспий өңіріндегі геологиялық барлау және мұнай өндірудің өзекті мәселелерін талқылайды, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыстарды  нығайтуға мүмкіндік алады.

Конференцияны Энергетика министрлігімен және «KAZENERGY» қауымдастығымен бірлесіп Шелл компаниясы ұйымдастырып отыр.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, энергтеика саласындағы компания-операторлардың, қызмет жеткізушілерінің, консалтингтік компаниялардың, ғылыми-зерттеу компанияларының, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері шақырылды. 

Конференция бағдарламасында  Каспий өңіріндегі саланы дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланатын 18 панельдік сессия мен техникалық сессия өтеді. Сонымен бірге Қазақстанның ұзақ мерзімді  технологиялық даму стратегиясы,    мұнай-газ тасымалдаудың өңірлік  технологиялық мәселелері, жергілікті мазмұнды құру және технологиялық инновациялар  мен ынтымақтастық та сөз болмақ.

Мұнай-газ өндірісінің инженерлер қоғамы туралы (SPE)
 
Мұнай-газ өндірісінің инженерлер қоғамы энергия ресурстарын әзірлеумен және өндірумен айналысатын 135 елдің 124 000-нан астам мүшелерін қамтиды.  Ұйымның міндеті - мұнай және газ игеру және өндіру саласындағы және қоғамдық әл-ауқатты арттыруға арналған технологиялармен байланысты техникалық білімді жинақтау, тарату және алмасу, сонымен қатар мамандардың техникалық және кәсіби біліктілігін  дамыту үшін мүмкіндіктер жасау болып табылады.  
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту