Жаңаша кәсіптік техникалық білім. «KAZENERGY» қауымдастығында колледждерді бизнестің басқаруына беру мәселесі талқыланды

размер шрифта: Aa | Aa
18.11.2014 11:29

2014 жылғы 14 қарашада «KAZENERGY» қауымдастығында дөңгелек үстел барысында мемлекеттік білім беретін мекемелерді өндірістік кәсіпорындардың сенімгерлік басқаруына беру мәселесі талқыланды.  Сенімгерлік басқаруға беру мезханизмдері мен даулы мәселелерді талқылау үшін ҚР БҒМ, ҚР Экономика министрлігі жанындағы Қазақстандық орталық МЖМ, «Кәсіпқор» Холдингі ҰАҚ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сонымен қатар  Қазақстанның бірқатар ірі кәсіпорындарының өкілдері шақырылды.  

Білім беру мекемелерін бизнес құрылымдарға беру жобасы мемлекет тарабынан, сол сияқты кәсіпкерлер мүддесі тұрғысынан да қаралды. Осылайша, ҚР БҒМ және жұмыс берушілер  екі жақтың мүдделерін атап көрсетті.  Мемлекет үшін осы шара білім беру мекемелеріне жұмсалатын шығынды азайтуға  және оқу орнын бітірушілерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде кәсіпкерлер, білім беру процесіне оқыту әдіснамасын әзірлеу кезінде қатыса отырып, өздерін тиісті деңгейдегі мамандармен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, ҚР БҒМ  кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді  жаңғырту департаментінің директоры Мадеев Сабыржан Маратұлының айтуынша, білім беру мекемелерін сенімгерлік басқаруға беру механизмдерін әзірлеу және барлық детальдарды пысықтау  үшін жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың, ҰКП, салалық қауымдастықтардың, «Кәсіпқор» Холдингі ҰАҚ және басқа мүдделі тарапатрдың өкілдері кірді. 

Мәжіліс барысында көптеген бизнес өкілдерінің пікірінше оқу мекемелерінің компаниялардың толық сенімгерлік басқаруына көшуі әлі мүмкін болмай отырғаны атап өтілді.  Біріншіден, қағида бойынша, кәсіпорындар білім беретін мекеме (БМ) даярлайтын, әсіресе көп салалы бағыттағы колледждер даярлайтын барлық мамандарға емес, нақты мамандарға мұқтаж.  Екіншіден, компанияларда кадр даярлаудың академиялық тәжірибесі жоқ және тараптардың рөлдері мен міндеттерін нақты белгілеу қажет. Үшіншіден, кәсіпорындарға едәуір қаржы жүктемесі жүктеледі. Алайда, МЖМ Орталығының Басқарма Төрағасының Орынбасары Мамраев Ғалымбек Бейбітұлының айтуынша, БМ бизнестің басқаруына беру жөніндегі жобада бірінші кезекте кәсіпорындардың мүдделері ескерілуі тиіс.  Сондықтан, МЖМ орталығы БМ бірінің базасында осы жобаны іске асыру бойынша барлық сызбаларды әзірлеп, үлгісін құруды ұсынып отыр, мұның өзі әзірленген ынтымақтастық нұсқаларын сынақтан өткізеді. «Кәсіпқор» Холдингі өз кезегінде басым оқу орындарын іріктеу  және оларды байқау шартымен әлеуетті компанияларға беру негізінде БМ беру сызбасын ұсынды.  Осылайша,  компаниялар мамандарға мемлекеттік тапсырыс беру ісін қалыптастыруға тікелей қатысатын болады. Холдинг, сонымен қатар, МЖМ сияқты  5 жыл+5 жыл сызбасы бойынша сенімгерлік басқару мерзімін белгілеуді ұсынады.   

Осылайша, дөңгелеу үстел мәжілісінде  оған қатысушылардың барлығының сенімгерлік басқару мәселелерін және қосарлы білім беруді дамыту ісіне негіз болатын көзқарастары мен пікірлері тыңдалды және қаралды.

 «KAZENERGY» қауымдастығы  қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған салалық алаң болып табылады, мұнда жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялардың,  мемлекеттік білім беру жүйесі органдарының, білім беретін мекемелердің    басшылары  кадрларды даярлау қиындықтарын  тұрақты негізде  талқылап отырады. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту