Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші сессиясы аяқталды

размер шрифта: Aa | Aa
28.11.2014 11:11

Қазанның 26-27 күндері Астанада Энергетикалық Хартия Конференциясы 25-ші сессиясы өткізілді. Бұл Энергетикалық Хартия Конференциясының (ЭХК) біздің еліміз төрағалық ететін жаңа форматта өткізген  бірінші сессиясы. Қазақстан 2014 жылғы қорытындысы бойынша Конференцияға алғаш рет төрағалық етті. Конференцияның 25-ші сессиясын Қазақстан үкіметі ұйымдастырып, бірқатар елдерді жоғары саяси деңгейдегі диалогқа шақырған болатын.  «KAZENERGY» қауымдастығы Энергетикалық Хартияның  Қазақстан тарабынан жұмыс органы болып табылады. ЭХК 20-шы сессиясының бас демеушілері  - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және  «Теңізшевройл» ЖШС.

Сессия барысында энергетика саласындағы халықаралық қатынастарды реттейтін Энергетикалық Хартияға Шартты жаңарту бойынша Қазақстанның бастамалары қаралды.

Қазақстан ұсынып отырған ұсыныстар:

  • дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешудің ерікті механизмдерін енгізу;
  • энергетикалық  сектордағы инвестицияларды қорғау жөніндегі Омбудсмен қызметін құру;

Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-сессиясында транзиттік коридорларды дамыту және ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға байланысты мәселелер талқыланды.

Энергетикалық нарықта жаһандану үрдістері сақталуда. Энергетикалық ресурстарды  тасымалдау  ісі елдер арасында ғана емес, құрылықтар арасында да жүзеге асырылуда. Каспий өңірінде ауқымды көмірсутек қоры бар. Өндіру ауқымының және халықаралық нарыққа жеткізілімнің өсуі өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық негізінде заманауи ірі ауқымды құбыр желісін дамытуды талап етеді. Сонымен қатар, энергетикалық ресрурстарды  теңіз жолдарымен тасымалдау да өсіп отыр. Өзара байланысты инфрақұрылым желісін дамыту  - әлем елдері мен континенттері арасында энергетикалық ресурсты транзиттеу ісімен қамтамасыз ету үшін маңызды.

Құрылықпен тасымалдау желілік инфрақұрылым арқылы жүзеге асырылады.

Теңізге шығатын жолдары жоқ елдер үшін мұндай инфрақұрылым аса маңызға ие болады, себебі бұрынғысынша өндірушілерге тұтынушылар нарығына баратын жалғыз жолды ашады. Осы орайда, транзиттік коридорларды дамыту ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті дамытуға қалай ықпал етпек деген мәселе бой көтерді.

Конференция жұмысына ЭХК қатысушы елдер атынан өкілдік ететін үкімет мүшелеріне қоса ұлттық және халықаралық энергетикалық компаниялардың басшылары да қатысты. Оларға аталмыш мәселелерге өз көзқарастарын білдіру  және энергия транзиттеу және ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті жақсарту үшін  коридорларды дамыту жолдарына қатысты шешім қабылдау  ұсынылып отыр.

Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-сессиясында Хартияның таяудағы 5 жылға арналған даму стратегиясын белгілейтін арнайы құжат – Астана Декларациясына қол қойылды.

ЭХК 25-сессиясы шеңберінде «Ерейментау жел паркі»  ЖШС және Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасында кредиттік келісімге қол қойылды. «Ерейментау жел паркі»   жобасын іске асыру Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі тұжырымдамасы шеңберінде электр энергиясын өндіру үлесін жаңармалы энергия көздерімен ұлғайтуға елеулі үлес қосады. Жобаның жалпы құны $133,24 млн, жылдық электр энергиясын өндіруі–180 млн.кВтч астам.

 

Анықтама:

Энергетикалық Хартияға 1991 жылы қол қойылды.  Бастапқыда бұл ұйым Батыс және Шығыс Еуропа арасындағы энергетикалық қарым-қатынас механизмі ретінде құрылған. 1994 жылы Энергетикалық Хартияға Шартқа  және Энергетикалық тиімділік және тиісті экологиялық аспектілер жөніндегі хаттамаға қол қойылды.  Энергетикадағы саяси байланыстарды нығайтуға үндейтін Хартияға қарағанда бұл құжат заң күші бар міндетті жан-жақты келісім болып табылады. Энергетикалық Хартияға Шарт энергетика саласындағы инвестициялар мен саудаға байланысты қауіп-қатерлерді болдырмау үшін барлық қатысушы үкіметтер орындауға міндетті  бірыңғай қағидаларды құруға мүмкіндік береді.  Энергетикалық Хартия, жылдар өте келе өзінің аумағын ұлғайтты. Қазақстан 1995 жылдан бастап Энергетикалық Хартияға қатысушы ел болып  қабылданды.

kmg_3

Энергетикалық Хартия Конференциясы 25-сессиясының Бас демеушісі

 tengizshevroyl_b

Энергетикалық Хартия Конференциясы 25-сессиясының Бас демеушісі


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту