Қазақстан Республикасындағы электр энергиясын өндіруге баға белгілеу туралы

размер шрифта: Aa | Aa
12.01.2015 00:17

Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының құнын көтеру туралы мәселе кең талқылауға ие болуына байланысты «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені қауымдастығы төмендегілерді мәлімдейді.  

Ұлттық деңгейдегі АҚ  электр желілері бойынша  және өңірлік және жергілікті деңгейдегі РЭК электр желілері бойынша  электр энергиясын беру және тарату тарифтерін табиғи монополоиялар және реттелетін нарық саласын басқаратын мемлекеттік орган (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті) бекітеді.  

Жиынтық тариф  өңірлік және өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша электр өндіру, беру және тарату құнына, сонымен қатар жабдықтаушы үстемеақысына сүйене отырып қалыптастырылады. Осылайша, тұтынушылар электр энергиясын өндірушіден соңғы тұтынушыға жеткізу процесін ұйымдастыратын электр энергиясымен жабдықтаушы кәсіпорындарға ақы төлейді.   

Электр энергиясының өндірістік құнын мемлекет реттейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысына сәйкес 2009 жылдан 2015 жылға дейін электр энергиясына  жыл сайын «инвестицияға ауыстырылатын тариф» қағидасы бойынша мөлшерлі тариф белгіленеді.  Электр энергиясының  құнына электрмен жабдықтау жүйесін одан әрі жаңарту сомасы: жаңа актвитерді құру, қолданыстағы  электр стансаларын кеңейту, жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық қайта жарақтау сомасы кіргізіледі.

Өткен жылы ҚР Энергетика министрлігі ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы  қаулысымен бекітілген мөлшерлі тарифтерден аспайтын деңгейде ЭӨҰ-ға  2015 жылға тариф бекітуді қарастыратын   энергия өндіруші  ұйымдармен (ЭӨҰ) жасалатын инвестициялық келісімдерді  қарады және оларға қол қойды.

Осылайша, электр энергиясын өндіру құнының ағымдағы деңгейі 2009 жылы бекітілген болатын және 2015 жылғы ақпаннан бастап ҚР электр энергиясын өндіру бағасын  қосымша көтеру  қарастырылып отырған жоқ.

Қосымша ақпарат

2009 жылы бекітілген электр энергиясының мөлшерлі тарифтерін белгілеу механизмі «инвестицияға ауыстырылатын тариф» қағидасы қолданылып отырған жылдарда мынадай қуаттылықтарды қалпына келтіруге және қолданысқа енгізуге мүмкіндік берді:  2009жылы  – 92 МВт, 2010 жылы  – 98 МВт, 2011 жылы  – 390 МВт, 2012 жылы  – 620 МВт, 2013 жылы  – 385 МВт.

2009 жылдан бастап 2013 жылдарға дейін  электр стансаларының негізгі және көмекші жабдықтарының жаңа құрылысына, қалпына келтірілуіне, қайта құру және жаңартуға 687,316 млрд. теңге инвестицияланды, осылайша энергиямен жабдықтау сенімділігі, электр стансасының қауіпсіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіліп отыр. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту