«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры лауазымына Заңғар Мақсұтұлы Ноғайбай тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
03.02.2015 11:10

Заңғар Ноғайбай  1979 жылы туған. Құқық магистрі, заң ғылымдарының докторы.  1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң  университетін,  2000 магистратураны, ал  2005 жылы Бремен университетінің докторантурасын бітірді. Ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.  Еңбек жолын 2000 жылы  Қазақ мемлекеттік заң  университетінде оқытушы, ҚР-ның Герман қоғамдастығындағы техникалық ынтымақтастық жөніндегі жобаның ұлттық үйлестірушісі қызметінде бастады.  Әр жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалық орталығы» АҚ Іріктеу және  ақпараттық сүйемелдеу департаментінің директоры, ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігінің мемлекеттік қызмет туралы заңдарды жетілдіру бөлімінің бас сарапшысы, меңгерушісі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Нормативтік және құқықтық жұмыстар департаментінің бас менеджері,   директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2008-2009 жылдары «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Заң департаментінің директоры болып қызмет істеді. Сонымен қатар заң компанияларында және жеке коммерциялық құрылымдарда басшы қызметтерді атқарды. 2013-2014 жылдары  - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Төраға орынбасары болып қызмет етті. ҰКП құрылтай кезеңінде оның жүйелері мен атқарымдарын ұйымдастыру, мүшелік міндетті жарналарын, аккредиттеу және аккредиттелген қауымдастықтармен әрекеттестік ету, кәсіпкерлер құқығын қорғау, ҰКП сараптамасын үйлестіру және заң шығару жұмыстарына қатысу, ҰКП жүйесін құқықтық қамтамасыз ету, ҰКП арбитраждық орталығын құру мәселелерін  басқарды.   Сондай-ақ, «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС қадғалау кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.

 «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры лауазымына тағайындалғанға дейін  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының кеңесшісі, ҚР ҰКП Арбитраждық және аралық  сотта қарау орталығының Басқарушы кеңесінің мүшесі болды.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту