Сафи Өтебаев атындағы стипендия иегерлері белгілі болды.

размер шрифта: Aa | Aa
03.03.2015 16:47

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы «KAZENERGY» Қауымдастығының Білім бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында 2014-2015 оқу жылына тағайындалатын  «Сафи Өтебаев атындағы стипендия»  байқауын қорытындылады


ke          

«Сафи Өтебаев атындағы стипендия» байқауы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және  KAZENERGY Қауымдастығының бастамасымен 2009 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі және қазақстан мұнайының 110-жылдығына орай тағайындалған.   

Байқауға қатысу үшін үміткерлерге KAZENERGY Қауымдастығының сайтына   тіркелу қажет болатын.

Байқауға қатысушылар төмендегідей өлшемдермен бағаланды: Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының  күндізгі бөлімде оқитын 2-4 курс студенттері; үлгерімі жоғары (GPA кемінде 3,5 балл және одан жоғары); «Алтын Белгі», үздік аттестат иегерлері; ғылыми конференцияларға, семинар мен симпозиумдарға қатысушылар; ғылыми басылымдары бар студенттер; мұнай-газ және энергетика саласының кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өткен; шет  тілдерді меңгерген; оқу орнының қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан; шығармашылық, спорттық сайыстарға қатысқан, олимпиада мен конкурстардың жеңімпаздары; балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілері; толық емес отбасынан, жетім, көп балалы отбасынан шыққан студенттер; мұнай-газ және энергетика саласында құрметті атақ алған, үкіметтің жоғарғы марапатын алған мұнайшылар мен энергетиктердің балалары; коммерциялық негізде оқитын студенттер.

Құрамына KAZENERGY Қауымдастығының мүшелері мен серіктестерінің 15 өкілі кіретін байқау комиссиясының нәтижесі бойынша 25 студент байқау жеңімпазы атанды.

Толық ақпаратты www.kazenergy.com сайтынан білуге болады.

Анықтама.

Сафи Өтебаев 1909 ж. Атырау обл. Қарабау кентінде дүниеге келген. Еңбек қызметін 1925 ж. Доссорда темір ұстасының көмекшісі болып бастаған. 1935 жылы М. Азизбеков атындағы Әзербайжандық мұнай институтын бітіріп, ең алғашқы қазақ инженер-мұнайшысы  болды. Өтебаев 40 жылдан аса ҚР мұнай саласында қызмет етті, қарапайым инженерден бастап «Қазақстанмұнай» бірлестігінің басшысы, Атырау және Батыс-Қазақстандық Совнархоз төрағасына дейін тағайындалды.  1938 жылы Өтебаевтың бастамасымен Атырау қаласындағы республикадағы алғаш мұнай өңдіру зауытын ашу туралы шешім қабылданды.

Өтебаев жас ұрпаққа көп көңіл бөлген, жастардың жоғарғы оқу орындарына түсуіне жағдай жасаған, мұнай саласындағы техникумдарды техникалық жабдықтауда көп үлесін тигізді. Ол н КазПТИ мұнай факультетінің ашылуына  көп еңбек сіңірді, көптеген жылдар бойы аталған институт студенттері мен оқытушыларымен тығыз байланыста болды. Сонымен қатар, Үкіметтің арнайы шешіміне қол жеткізіп, соның арқасында 20 жылдан астам бойы Қазақстанның 100 орта мектеп бітірушілері Кеңес Одағының жетекші мұнай жоғарғы оқу орындарына  байқаудан тыс қабылданды 

 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту