Ақпараттық хабарлама

размер шрифта: Aa | Aa
26.03.2015 11:25

Kazenergy қауымдастығы мұнай-газ секторы компанияларының мүддесін қорғау бойынша қызметтерді атқара отырып,  саланың қиындықтарын шешуде де  өнімді еңбек етіп келеді. Осы саланың кәсіпорындары үшін  салық жүктемесін азайту өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Экспорттық кедендік  баж салығын азайту мақсатында  Қауымдастық заңға тиісті өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады. Мұнайдың қазіргі кездегі жағдайына байланысты мұнай пайдаланушыларға арналған ЭКБ жоғары мөлшерлемесі  мәселелері   қиындады. Бүгінгі күні ЭКБ мүмкіндігінше   азайту  қажеттілігі туындап отыр.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі даярлаған ЭКБ азайту жобасы 10-наурызда үкіметтің дауыс беруіне енгізілді.  Оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7-маусымдағы «Қазақстан Республикасының кедендік баж салығы мөлшерлемесі туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  ЭКБ  тоннасына 80 доллардан тоннасына 60 долларға төмендетілді.

Ай сайынға баға мониторингісінің нәтижелері бойынша  шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы тоннасына 540 АҚШ долларынан  төмен болған жағдайда мұнайдан жасалатын тауарларға кедендік әкетілім баж салығының мөлшерлемесін формула қолданбай белгілеуге мүмкнідік беретін өзгерістер де енгізілді.  

Алайда бұл шаралар жеткіліксіз. Қауымдастық мұнайдың кедендік әкетілім баж салығын әлемдік мұнай бағасына байланыстырып есептеу әдістемесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуде. Рентабельдігі  төмен кен орындары  бойынша НДПИ жеңілдікті мөлшерлемесін қолдану және ренталық салық төлеген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың ЭКБ есептеуі мәселесін қарау ұсыныстары да енгізілді.

Қауымдастық ҚР Энергетика министрлігімен және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылардың қазіргі жағдайына және 2015 жылға жоспарланған іс-қимылдарына талдау жүргізді. Мұнайдың дүниежүзілік бағасының бір баррельге 98,99 АҚШ долларынан бір баррельге   50 долларға дейін төмендеуіне байланысты жер қойнауын пайдаланушылардың  2015 жылғы жиынтық жылдық табысын 2014 жылғы нақты көрсеткіштермен салыстырғанда 46% азайту жоспарланған. 2015 жылғы таза табыс болжамданбады. Алайда  ЭКБ бойынша төлем деңгейі 2014 жылғы деңгейде сақталып отыр, мұның өзі   2015 жылғы экспорт ауқымының болжамданған өсуіне байланысты.

Қауымдастық  жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің салық  жүктемесін  азайтуы және осы арқылы болжамданған шығын бөлігін жабуы  үшін ЭКБ мөлшерлемесін біршама азайту  немесе ЭКБ толық ауқымда алып тастау қажет деп санайды.  2015 жылғы ЭКБ болжамданған деңгейі   жобаланған шығын деңгейімен салыстырмалы деңгейде.

Баспасөз қызметі

79 01 81

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту