«KAZENERGY» өңірлердегі бизнестің сапалы дамуына және кадрлардың кәсіби өсуіне көмек береді

размер шрифта: Aa | Aa
02.04.2015 17:43

«KAZENERGY» қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Қызылордаға жұмыс сапары шеңберінде  Қызылорда облысының Әкімдігі және «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының» заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы ынтымақтсатық және өзара  түсіністік туралы МЕМОРАНДУМҒА  қол қойылды.

Тараптар қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі Елбасының тапсырмаларын орындау үшін  облыс экономикасының мұнай-газ және энергетика секторларындағы мемлекет пен инвесторлар мүддесінің тиімді, әділ әрі экономикалық негізделген балансын қамтамасыз ету үшін барлық күш-қуатын салады.

Қол қойылған меморандумның тармақтарына сай облыстық әкімшілік пен «KAZENERGY»  қауымдастығының әрекеттестігі өңірдің инвестициялық тартымдылығын  арттыруға, технология трансфертін әрі қарай ұлғайту және жаңа технологиялар енгізу  үшін жағдай жасауға, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік пен энергия тиімділігін жоғарылатуға, жергілікті мазмұнды ұлғайтуға   бағытталған. Соның ішінде облыстың мұнай-газ кешенінің кәсіпорындарда еңбек ететін қазақстандық мамандардың саны мен үлесін арттыруға бағытталған.

Жалпы, кадр саясатына ерекше көңіл бөлінеді. Тараптар қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, облыс кәсіпорындарындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіруге және саланың әлеуметтік жобаларын іске асырудың озық әдістерімен алмасуға   мүмкіндік жасайды.

Оған қоса, тараптар облыс экономикасының мұнай-газ және оған жалғаспалы салаларын жаңартуға, өнімдердің және технологиялық үдерістердің халықаралық сапа стандартын енгізуге   ғылыми-техникалық және ұйымдық көмек береді.

Меморандумға  Қауымдастық тарабынан «KAZENERGY» қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев  және Қызылорда облысының Әкімдігі тарабынан Қызылорда облысының Әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы қол қойды

 «KAZENERGY» қауымдастығының баспасөз қызметі

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту