Әйелдер Энергетикалық Клубы KAZENERGY Еуразиялық Форумы шеңберінде отырыс өткізді

размер шрифта: Aa | Aa
21.04.2015 16:58

KAZENERGY қауымдастығында Әйелдер Энергетикалық Клубының жұмыс мәжілісі өтті. Х KAZENERGY Еуразиялық Форумы  шеңберінде   өтетін ӘЭК екінші кеңейтілген мәжілісі қарсаңында  құрамына салалық компаниялардың өкілдері кіретін қатысушылар, сонымен қатар Қауымдастық қызметкерлері өзекті мәселелерді талқылады.

Мәжіліс барысында ӘЭК Төрағасы болып «Самұрық-Қазына» АҚ мұнай-газ және индустриалдық активтер дирекциясының бас сарапшысы Аққасиева Айзада Үмбетқызы тағайындалды. Ендігі мәселе клубтың атауын  және мүшелік форматын анықтау. 

Биылғы жылғы қыркүйекке жоспарланып отырған Әйелдер Энергетикалық Клубының  ІІ мәжілісі ауқымды әрі жауапты шара екенін ескере отырып, бірқатар ұйымдастыру мәселелерін шешу керек.

ӘЭК мәжілісі әлеуметтік серіктестік және бизнесті тұрақты дамытудағы басшы әйелдердің рөлі тақырыбында саланың өзекті мәселелерін талқылау жөніндегі пікірталас форматында өтеді деп жоспарлануда.

Басты тақырыптар:

- «Мұнай саласындағы әйелдер көшбасшылығы үшін алғышарттар»;

- «Келешек энергетикадағы әйелдер рөлі»;

- «Компанияның гендерлік саясаты: дәстүрлілік – келісім – теңдік;

- «Әлеуметтік серіктестік және бизнесті тұрақты дамытудағы басшы әйелдердің рөлі». Мұнай-газ және энергетика секторының отандық және шетелдік компанияларының, сонымен қатар тәуелсіз қоғамдық ұйымдардың  100-ге жуық өкілдері қатысады деп күтілуде. 

Шараны өткізу форматы, спикерлер тізімі, марапаттау салтанаты  бойынша ұсыныстар 22 сәуірге дейін мерзімінде талқыланады және келісіледі.   

Сонымен қатар, мәжілісте 2015 жылға арналған ӘЭК жұмыс жоспары қарастырылатын болады. Шеберлік класын өткізу бойынша кесте-жоспар, сонымен қатар ұсыныстар белгіленген мерзім шеңберінде келісіледі.

Анықтама: ӘЭК қызметі   әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, гендерлік және мұнай-газ  және энергетика саласының  өзге де мәселелерін талқылау  және оңтайлы шешімдерін қарастыру үшін, сонымен қатар келешек энергетикадағы әйелдер рөлін айқындау   үшін  компаниялардың басшы әйелдерінің,  мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және қауымдастықтың  өкілдерінің  басын қосу;

Әйелдер Энергетикалық Клубының I-ші мәжілісі   Астана қаласы, Тәуелсіздік Сарайында,  2013 жылғы 8-қазанда спикерлер мен модераторлардың қатысуымен және  «Энергетиканы тұрақты дамытудағы әйелдер рөлі», «Компанияның гендерлік саясаты: дәстүрлілік – келісім – теңдік»; «Әлеуметтік серіктестік және бизнесті тұрақты дамытудағы басшы әйелдердің рөлі» тақырыптарымен  бейресми пікірталас форматында өтті;. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту