KAZENERGY Қазақстан мен Халықаралық энергетикалық агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі

размер шрифта: Aa | Aa
24.04.2015 17:09

memorandum-2

Халықаралық энергетикалық агенттіктің атқарушы директоры Мария Ван дер Ховеннің Астанаға сапары шеңберінде ХЭА, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және KAZENERGY қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан энергетикасын тұрақты дамыту мәселелерінде ынтымақтастықты нығайту мақсатымен қол қойылды.

Меморандум шарттарына сай тараптардың әрекеттестігі ауқымы кең  мәселелерді қамтиды. Сонымен бірге, көрмеге байланысты халықаралық ірі шараларға қатысу, қазба отын түрлері, энергия, термоядролық энергия тұтыну тиімділігі, жаңармалы энергия көздері және салааралық мәселелер бойынша жұмыс келісімдерін қоса алғанда, Қазақстанға энергетикалық технологиялар саласында халықаралық тәжірибе алмасуда көмектесу, тұрақты энергетиканы дамыту бойынша шешімдерді, сонымен бірге жаңармалы энергия көздерін пайдалану және Қазақстанның «Жасыл көпір»  бастамасын алға бастыру   арқылы  «Болашақ энергиясы» тақырыбында EXPO 2017 өткізуге даярлықты қамтиды.

Меморандумға қол қойған тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына, семинарларға, конференцияларға қатысуға, ақпарат алмасуға, соның ішінде аналитикалық болжамдар мен перспективалар бойынша ақпарат алмасуға және энергетиканы дамыту тақырыбындағы материалдарды жариялауға  ниет білдіріп отыр.  

Тараптар Қазақстан Республикасы сарапшыларының ХЭА энергетикалық технологиялар саласындағы көпжақты ынтымақтастығы бағдарламасына қатысуына көмек береді. Осы бағдарлама шеңберінде Министрлік пен қауымдастықтың лауазымды тұлғалары ХЭА-да қысқа мерзімді  тағылымдамадан өтуі мүмкін.

Меморандумға қол қойғандар: Халықаралық энергетикалық агенттік атынан атқарушы директор Мария Ван дер Ховен, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі атынан Министр Владимир Школьник, KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы атынан  Бас директор Әсет  Мағауов

Меморандумға ҚР-дағы ЕО Өкілдігінің Басшысы, Өкіл Аурелия Бушез ханымның және ҚР Энергетика министрі Владимир Школьниктің төрағалық етуімен  өткен «ХЭА-ға кірмейтін елдердің: Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің энергетикалық саясаты»  есебін таныстыру шеңберінде қол қойылды.

Есеп Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркмения, Украина және Өзбекстанстанның энергетикалық саясатына және  энергетикалық секторының дамуына жасалған шолуды  қамтиды. Құжатта  инфрақұрылымның ескіруін, жоғары энергия сыйымдылығын, төмен  энергия тиімділігін, пайдаланылмайтын баламалы энергетикалық әлеует және нашар жұмыс ісетйтін өңірлік энергетикалық нарықты қоса алғанда, энергетикалық сектордың сын-қатерлері атап көрсетілген. ХЭА есебінде  «Жасыл  экономикаға» көшу жөніндегі мемлекеттік тұжырымдаманы қабылдау арқылы  энергетикалық сектордың перспективалық тәсілдерін ұсынып отырған Қазақстан Республикасының жетістіктері жоғары бағаланған.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту