KAZENERGY Жастар комитетінің жаңа жобасы басталды

размер шрифта: Aa | Aa
23.04.2015 12:55
IMG_2906

«Данияр Берлібаевпен алғашқы Speak up-қа «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ, «PSA» ЖШС, Қарашығанақ  Петролеум Оперейтинг Би Ви, Shlumberger,  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС,  «Теңізшевройл» ЖШС,  «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС,  «НАТР» АҚ,  «ПККР» АҚ, KAZENERGY  қауымдастығының, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері және Назарбаев Университеті және Л.Н. Гумилев ат. Еуразиялық Ұлттық Университетінің студенттерін қосқанда  50 шақты адам қатысты.

Бірінші  Speak up өте белсенді әрі  ашық-жарқын қарым-қатынаста өтті. KAZENERGY қауымдастығының жастар комитеті диалогтық алаңның бірінші қонағы ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Төрағасының орынбасары  Берлібаев  Данияр Әмірбайұлын шақырды.  Speak up қатысушылары  еліміздің мұнай-газ және энергетика саласының тарихы және келешегі, Қазмұнайгаз компаниялар тобының қызметтері  туралы сұрақтар қойды  және қазіргі жастарды толғандырып жүрген тақырыптарды көтерді. Данияр Әмірбайұлы сұрақтарға толық жауап бере отырып, жас мамандарға пайдалы ақыл-кеңес берді және ең бастысы, дұрыс импуьс берді.  

Жастар компаниялардың топ-менеджерлерімен және белгілі адамдармен  танысып қана қоймай өзекті  сұрақтарға ашық жауап ала алатын осындай алаң құра алғанымызға қуаныштымыз. Екі сағаттық әңгімелесуден кейін ортақ фотосурет түсірілді және кеш оның Қонағына да, қатысушыларға да өте ұнады.

Келесі  Speak up состоится мамырда болады. Барлық ақпарат  «KAZENERGY» қауымдастығының ресми сайтына  және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Әсем Мұқажанова

KAZENERGY қауымдастығы Жастар комитеті

Төрағасының орынбасары

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту