KAZENERGY қауымдастығында мұнай бағасының болжамдары және оның Қазақстан экономикасының сыртқы конъюнктурасына әсері талқыланды

размер шрифта: Aa | Aa
06.05.2015 10:20

2015 жылғы 29 сәуірде KAZENERGY қауымдастығында «Мұнай бағасының болжамдары және оның Қазақстан экономикасына әсері»  тақырыбында Стратегиялық сарапшылық клубтың мәжілісі өтті.

1_copy                2_copy                3_copy

IMG_3005

Клуб мәжілісіне KAZENERGY қауымдастығының, «Бәйтерек» Ұлттық холдингісінің, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының және оның еншілес ұйымдарының, Мұнай-газ өндірісінің инженерлер қоғамының, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ, мұнай-газ компанияларының (Agip, ConocoPhillips, BG Kazakhstan, PSA және басқалары) өкілдері, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері қатысты.

Басты спикерлер дәрежесінде Женева бизнес-мектебінің лекторы Марсель Гассен және Женева Университетінің докторы Браим Гасем сөз сөйледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  стратегия және еркін үйлестіру жұмыстары департаментінің директоры Сәдуақасов Дәрмен Қанатұлы кездесу модераторы болды.

Спикерлердің пікірінше мұнай бағасы сұраныс және ұсыныс сияқты маңызды факторлармен ғана емес, сонымен қатар қатысушылар ерекше бөліп көрсеткен спекулятивтік фактормен де айқындалады.  Атап айтқанда, баға белгілеуде  фьючерстік келісімшарттармен саудаласу ауқымы, шикізат нарығындағы циклдық  үрдістер де  маңызды рөл атқарады. Дүниежүзілік нарықтың құбылмалылығын ескере отырып, шетелдік сарапшылар қазақстандық экономиканың әртараптандырылған құрылымына көшу үшін    контрциклдық саясат, инновацияларды инвестициялау және жаңа технологияларды қолдануды енгізу   қажеттілігіне назар аударды.

Экономикалық зерттеу институтының Басқарма төрағасы Мұханов Мақсат Нұрдәулетұлы қазіргі жағдайда ірі мұнай тұтынушылардың, әсіресе Қытай экономикасының өсуінің баяулауына байланысты маңызды фактор айқындаушы фактор болып отырғанын атап көрсетті. Бұған қоса,  М.Мұханов Қазақстанда озық дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, әртүрлі салаларда басты стратегиялық міндетті – экономиканы әртараптандыруды шешуде бірқатар шаралар қабыданып жатқанын айтты.

Өз кезегінде КИСИ бас ғылыми қызметкері Вячеслав Юрьевич Додонов  қаржы нарығындағы жағдайдың нашарлауына және мұнай индексінің құлдырауына  байланысты мұнай бағасы төмендеген 2008 жылғы жағдайды еске сала отырып,  баға тұрақсыздығында спекулятивтік фактордың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар, В.Додоновтың пікірінше, шикізат нарығына дүниежүзілік қаржы нарығына бастырмалатқан өтімділік ағынының тоқтауы қатты әсер етті.    

Сонымен бірге, мұнай бағасын айқындауда геосаяси фактордың,  оның ішінде мемлекетаралық  даулар,  әсер ету аймағымен күрес, әртүрлі блоктар мен ұйымдардың мүддесі, Иранға қатысты ықпалшаралар, Таяу Шығыстағы тұрақсыздық және т.б. маңыздылығын атап көрсетті.

Сондай-ақ, пікірталас клубының қатысушылары жағымсыз сыртқы экономикалық конъюнктураның Қзақстанға әсеріне қатысты пікір алмасты. Осылайша, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов Қазақстан экономикасына  түсетін қысымның әлсірегенін, мұның өзі төлем балансының көрсеткіштерін және ішкі қаржы нарығындағы жағдайды  айқындайтынын  атап көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар арасында  мұнай бағасының төмендеу себебі  және баға перспективасы туралы сауалнама жүргізілді. Кездесуге қатысушылардың көпшілігінің пікірінше 2015 жылдың аяғына дейін Brent маркалы мұнай бағасы бір баррельге 50-60 доллар мөлшерінде  болады.

Сарапшылар ұзақ мерзімді кезеңде (5 жылға дейін) мұнай бағасы бір баррельге 80 доллардан 100 долларға дейінгі мөлшерде  болады деп болжамдап отыр.

Сарапшылар мұнай өндірушілер/экспорттаушылар арасындағы өткізу нарығындағы күрестегі бәсекелестіктің күшеюіне байланысты   тасымалдау құны маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.

Кездесуге  қатысушылар жаңа  конъюнктура жағдайында Қазақстанда  өткізу нарығының ауқымын айқын бағалай отырып, мұнайды ішкі өңдеу ауқымын ұлғайту қажет деген пікірге тоқталысты.

Стратегиялық сарапшылық клубтың негізгі ұйымдастырушылары:  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, KAZENERGY қауымдастығы және Мұнай-газ өндірісі инженерлері қоғамының (SPE) және «Болашақ» қауымдастығының қатысуымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту