ҚР мұнай-газ және мұнай-химия саласына арналған «Мұнай – бүгіннің, қазіргі және болашақтың энергиясы» Дебаттық Турнирдің қорытындысы

размер шрифта: Aa | Aa
16.05.2015 20:02

2015 жылғы 1-2 мамырда  Назарбаев Университетінің базасында  «KAZENERGY» білім беру бағдарламасының кәсіпке бейімдеу жұмыстары шеңберінде Қазақстанның мұнай-газ және мұнай-химия саласына арналған «Мұнай  – бүгіннің, қазіргі және болашақтың энергиясы» Республикалық Дебаттық турнир өтті. 

debates_7

Турнирдің мақсаты қазақстандық ЖОО техникалық мамандық студенттерін Қазақстанның мұнай-газ секторының өзекті мәселелерін шешуге тарту болып табылады. Ойын форматында пікір алмасу, тәжірибе алмасу, инновациялық идеяларымен  және ойларымен бөлісу, техникалық білім тарату бағытындағы бірлескен жұмыстарды атқару үшін іскерлік байланысты қалыптастыру. Техникалық мамандық студенттерінің  жобаларды таныстыру және сыни ойлау дағдыларын дамыту.  

Бұл шараны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және Назарбаев Университетінің демеушілік қолдауымен KAZENERGY Білім беру бағдарламасы, Назарбаев Университетінің «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды. 

debates_8

Турнирге Назарбаев Университеті, Атырау Мұнай және газ институты, Қ.Сәтпаев ат. Қазақ Ұлттық  Техникалық Университеті, Қазақ-Британ Техникалық  Университеті, С.Торайғыров ат. Павлодар Мемлекеттік университетінің «Мұнай-газ ісі» және «Мұнай-химия» мамандықтары бойынша оқып жүрген студенттері қатысты.  Шараға жас мамандар да қатысты.

Қағидаға сай Турнирде  үш кезең  болды.    Бірінші кезеңде қатысушылар Турнирдің Британдық  Парламенттік форматы бойынша тренингтен өтті. Одан әрі іріктеу кезеңі, жартылай финалдық және финалдық  ойын  болды. 

debates_6

Турнирге барлығы  резолюциялар бойынша қызықты раундарды жеңіп шыққан, мұнай өнеркәсібінің төмендегі ең көп талқыланатын мәселелеріне сәйкес іріктеп алынған  20 команда қатыстырылды:

- «Бұл палата гидрожарылыстар технологиясына тыйым салады»;

- «Бұл палата Каспий маңындағы кен орнын игеруді тоқтатады»;

- «Бұл  палата Иран мұнайының импортына салынған тыйымды алып тастайды»;

Төрешілер алқасы да тұлғалы болды. Сорос қоры ұйымдастырған республикалық турнирлер арасында көптеген дебаттық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері атанған Данияр Қалиев Турнирдің бас төрешісі болды. Көптеген дебаттық турнирлердің жеңімпазы, Қазақстандағы әйгілі дебатшылардың бірі  Ұлпан Қабиева озат төреші деп танылды.

Әсет Ордабаев пен Әйкен Нұралының “Корабль” командасы Турнирдің жеңімпазы атанды.  Сонымен қатар, финалда мынадай командалар өнер көрсетті: “Тезисы” (Тимур Бірімқұлов және Роман Когай, 2-ші орын), “Justice League” (Дәурен Биназаров және Әділбек Нұрмақов, 3-ші орын), “Как-нибудь назовемся” (Мирхия Мамазов және Сұлтан Айтжанов, финалистер). Озат іріктеу спикері деген құрметті атаққа “Номад” ДК  мүшесі Тимур Бірімқұлов ие болды.

debates_3

1-ші орын - "Корабль": Әсет Ордабаев пен Әйкен Нұралы (Дүниежүзілік экономика және саясат институты, ОБСЕ орталығы)

2-ші орын - "Тезисы": Тимур Бірімқұлов пен Роман Когай (Назарбаев Университет)

3-ші орын - "Justice League": Дәурен Биназаров және Әділбек Нұрмақов (Назарбаев Университет)

Финалистер - "Как-нибудь назовемся": Мирхия Мамазов және Сұлтан Айтжанов (КФ МГУ, ЕҰУ)

Озат іріктеу спикері - Тимур Бірімқұлов (Назарбаев Университет)

Озат төрешілер  - Ұлпан Қабиева (ҚазМЗУ) (басшы), Азамат Кеңесбеков (қосшы), (Назарбаев университет)

Жартылай финалистер:

Әйгерім Батырбекова, Айнұр Кагарманова - Назарбаев Университет

Диас Бекболатов – Самұрық Қазына, Райымбек Меркеш - ЕНУ

Рамазанов Әмір, Айкенов Дәулет - ҚазАТУ

Елубаев Абзал, Айнабеков Аян - ҚарМУ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту