Халықаралық Энергетикалық Хартияға қол қою

размер шрифта: Aa | Aa
21.05.2015 17:10

20 – 21 мамырда Гаагада (Нидерланды корольдігі)  Министрлік  конференция   барысында Халықаралық Энергетикалық Хартияға қол  қойылды. Осы Министрлік  конференция   тарихи елеулі кезең болып отыр. Еуропалық Энергетикалық Хартия 20 жылдан кейін жаңартылады. Аталған  Конференцияға 1991 жылы Энергетикалық Хартияға қол қойған елдердің барлығы және бақылаушы елдер қатысты.  Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР Энергетика Вице-Министрі Ұ.С.Қарабалин басқарып барды.

IMG_5081

Қазіргі кезеңдегі геосаяси жағдайдың ірі өзгерістерін, Таяу Шығыс, Қытай және басқа да елдердің Энергетикалық Хартияға қызығушылығын ескере отырып, Халықаралық  Энергетикалық Хартияны қабылдау қажеттілігі туындады. Бұрын бұл құжат Еуропалық Энергетикалық Хартия (ЕЭХ) деп аталғанын еске саламыз. ХЭХ қол қою жөніндегі келіссөздерге  80-ге жуық мемлекеттер, соның ішінде Еуропалық Энергетикалық Хартияның 64 қатысушы елі қатысты. Жаңа құжат жаһандық энергетикалық мәселелерді реттеуде мемлекетаралық келісімдердің қолданылу шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді.  Жоғары деңгейлі тұлғалардың сөйлеген сөздері аса маңызды оқиға болды, барлық қатысушы елдердің делегация басшылары  сөз сөйледі. Әрбір сөз сөйлеген тұлға өзгерістер кезеңі туғанын атап өтті. Сол себепті Халықаралық  Энергетикалық Хартияны қабылдау аса  маңызды шара екені анық.

Нидерланды Сыртқы сауда, даму және ынтымақтастық министрі Е.П. Лилиан Плоуменнің төрағалық етуімен жоғары деңгейлі бизнес-шара өтті. Кездесуде «KAZENERGY» қауымдастығының Төрағасы, Энергетикалық Хартия Бас Хатшысының Арнайы өкілі Жамболат Сәрсенов «Энергетиканы инвестициялау» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, қатысушылар жасыл экономиканы инвестициялау, үкіметтердің, халықаралық органдардың және компаниялардың ЖЭК дамытудағы  рөлі, энергетикалық инновациялар мәселелері қаралды.

Жаһанданудың өсуі, мемлекеттердің энергетикалық сектордағы  өзара байланысы, инвестициялық дауларды шешу механизмдерін жетілдіру, сотқа дейінгі реттеу механизмдерін енгізу Энергетикалық Хартияның Гаагалық заң форумының  соңғы күндерде талқыланған тақырыбы болды.

Мұнай-газ саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ұзақбай Қарабалин АҚШ, Венгрия, Грузия, Түркия, КХР және басқа да елдерден  келген әріптестерімен Нидерланды сапары шеңберінде  кездесулер өткізді. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін қазақстандық делегация   мұнай өндіру, барлау, өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу саласындағы техникалық қызметтер мен технологиялық құралдарды ұсынатын Рейсвейктегі Shell Project Technology and Engineering компаниясына барып қайтты.

Анықтама үшін:

Энергетикалық Хартияға  1991 жылы қол қойылды. Алғашқыда бұл ұйым Батыс және Шығыс Еуропа арасындағы  энергетикалық әрекеттестік  механизмі ретінде құрылған болатын. 1994 жылы Энергетикалық Хартияға Шартқа және Энергетикалық тиімділік және тиісті экологиялық аспектілер мәселелері жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Бұл құжаттың энергетикадағы саяси байланыстарды нығайтуға  үндейтін Хартиядан айырмашылығы заңды түрде міндетті көпжақты келісім болып табылады. Энергетикалық Хартияға Шарт энергетика саласындағы инвестициялар мен сауда-саттыққа байланысты тәуекелдерді болдырмау үшін барлық қатысушы үкіметтер орындауға міндетті болатын біртұтас қағидалар құруға мүмкіндік береді. Жылдар өте келе Хартия Еуразия елдерін қамти отырып, өзінің географиясын өзгертті.

Қазақстан Республикасы ЭХШ-ға Қазақстан Республикасы Президентінің 18.10.1995 ж.  Жарлығымен қол қойды және бекітті.

1994 жылы қол қойылған және 1998 жылы күшіне енген  Энергетикалық Хартияға Шарт  (ЭХШ) – энергетикалық сектор үшін арнайы әзірленген халықаралық ережелердің жалғыз жинағы.

 

Халықаралық  Энергетикалық  Хартия (МЭХ) халықаралық ынтымақтастықтың жалпы қағидаларын және энергетика саласындағы негізгі бағыттарды реттейтін саяси декларация болып табылады. Атап айтқанда:   қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, энергетикалық тиімділік, көмірсутекті барлау, өндіру, тасымалдау және пайдалану,  мұнай өңдейтін зауыттарды жаңарту; газ құбырлы жүйелерді біріктіру және газды жоғары қысымды құбырлармен тасымалдау; осы сектордағы қауіпсіздікті арттыруды қоса алғанда, ядролық отынның барлық аспектілері;  электр станцияларын жаңарту, энергия жүйелерін біріктіру және электр энергиясын жоғары кернеулі тораптармен тарату; біріктірілген өңірлік энергетикалық нарықты дамыту;  «таза» көмір» технологиясын қоса алғанда, көмір циклының барлық аспектілері; жаңармалы энергия көздерін игеру; тұрақты энергетикаға қол жетімділік және басқ.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту