«Х KAZENERGY Еуразиялық Форумы: «Жаңа энергетика көкжиектері: ынтымақтастық және инвестициялар келешегі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті

размер шрифта: Aa | Aa
02.06.2015 11:47

kef

ҚР Президенті жанындағы  Орталық коммуникациялар қызметінде  KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Әсет Маратұлы Мағауов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары  Молдабаев  Қаныш  Тәңірбергенұлы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының Корпоративтік орталық  жөніндегі орынбасары Берлібаев Данияр Әмірбайұлының  қатысуымен  «Х KAZENERGY Еуразиялық Форумы: «Жаңа энергетика көкжиектері: ынтымақтастық және инвестициялар келешегі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Биылғы жылы KAZENERGY Форумы оныншы рет өткізілейін деп отыр. 10 жыл ішінде KAZENERGY Еуразиялық Форумы  мұнай-газ саласының  барлық энергетикалық өндірісі мен кәсіпорындарын біріктіретін  беделді әрі ықпалды диалог алаңы болып қалыптасты.  Еуразиялық Форум Қазақстандағы ең ірі халықаралық шаралардың бірі болып табылады. Оның делегаттары – мемлекеттер мен ведомство басшылары, дүниежүзілік және қазақстандық энергетикалық компаниялардың топ-менеджерлері, саланың жетекші сарапшылары. IHS Вице-Төрағасы, «Өндіру»  кітабы үшін Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниел Ергин, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі  және Тұрақты энергетика жөніндегі бастаманың Бас директоры (SE4All) д-р Канде К. Юмкелла, Жаңармалы энергетика жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры (IRENA) Аднан З. Амин, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің Президенті Йозеф Тот, Энергетикалық  Хартияның Бас хатшысы  Урбан Руснак, ЭксонМобил аға  вице-президенті Марк У. Альберс  және басқалары оныншы Форумның басты спикері дәрежесінде  өздерінің қатысатынын растады.

KAZENERGY Еуразиялық Форумы дүниежүзілік энергетикалық нарықтың ең ірі ойыншылары арасында диалог жасауға  және экономикалық энергиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұрнағы жылдары Форум алаңында  өндірістің мұнай-газ, электр энергетикасы, атом саласын дамыту мәселелері талқыланды, энергеткианың басты сын-қатерлері және оларды жеңу жолдары айқындалды, қаржы дағдарыстарына және  дағдарыстан кейінгі кезеңде саланы дамытуға талдау жасалды, стратегиялық альянстарды құру мәселелері, экологиялық қауіпсіздік, ауыспалы кезеңдегі тұрақты дамудың энергетикалық сценарийлері қаралды.

Биыл  Форум жұмысы қазіргі заманғы энергетикалық және саяси оқиғалардың күн тәртібіндегі  басты оқиғаларды, мұнай-газ және энергетика нарығында болып жатқан трансформацияларды  талқылауға арналады. Осы орайда,  жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге жауап ретінде «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары шеңберінде саланы дамытуға  ерекше назар аударылмақ.  Жекелеген талқылаулар интеграциялық процестердің рөліне, ұзақ мерзімді сауда-экономикалық және энергетикалық серіктестік құруға,  әсіресе еуропа және азия өңірлерінде  жаһандық энергетикалық тұрақтылықты қалыптастыруға  арналады.

Форум бағдарламасында  Халықаралық  энергетикалық агенттіктің (IEA), Жаңармалы энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA), Энергетикалық Хартия Хатшылығының, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (WPC), Инженер-мұнайшылар қоғамының (SPE) және басқа да ұйымдардың сарапшыларымен  бірлескен шаралар өткізу көзделген.

Алғашқы  күні Форум шеңберінде «Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақтастық механизмдері» Жібек жолы экономикалық белдеуін құруға  арналған мұнай-газ конференциясын өткізу жоспарланып отыр. Бұл конференция КХР Инженерлік Академиясының ұсынысымен және 2013 жылғы қыркүйекте Казақстан мен Қытай елдерінің басшылары кездесуі шеңберінде ұсынылған Жібек жолы экономикалық белдеуін құру бойынша бастамаға байланысты өткізілейін деп отыр.

Бұған қоса, Форум шеңберінде  ӨСАБ Ұлттық Конференциясы, KAZENERGY Жастар форумы, Әйелдер энергетикалық клубының кезекті мәжілісі  және басқа да шаралар өтеді.  Толық  бағдарлама  http://kazenergyforum.com/  сайтында.

Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын медиа серіктестікке шақырамыз. Ынтымақтастық шарттары http://kazenergyforum.com/ медиа сайтында

KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі

KAZENERGY қауымдастығы

тел: 790181 Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту