KAZENERGY қауымдастығы «Сколковоның» Қазақстандағы серіктесі болды.

размер шрифта: Aa | Aa
08.06.2015 18:54

Мәскеу қ. 2015 жылғы 2-маусымда Startup Village конференциясында қол қойылған келісімде  мұнай-газ саласындағы инновациялармен екіжақты алмасулар және коммерциялауда тәжірибе алмасу жобаланған.

Келісім Қор мен KAZENERGY қауымдастығының екі ел арасындағы инноваторларға екі елдің мұнай-газ және энергетика кешеніндегі әзірлемелерін коммерциялау ісінде өзара қолдау көрсету жоспарын бекітті.  

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Тоғжан Қожалиева: «Біз  «Сколково» тарабынан өз әзірлемелерін Ресейде енгізуге ниеттеніп отырған Қазақстан инноваторларына көрсетілетін қолдауды қамтитын бірнеше бағыт бойынша, сонымен бірге «Сколково» қатысушыларына Қазақстандағы тұтынушылармен және серіктестермен ынтмақтастықты жақсартуға көмектесу бойынша  ынтымақтастықты дамытамыз.  Атап айтқанда, біз Қазақстанда  жыл сайын конференция өткізуге келістік, онда инновациялық технологияларды әзірлеушілер өз идеяларын  «Сколково»  мен KAZENERGY серіктестерінің қатарындағы ірі компанияларға ұсына алады.  Сонымен қатар,  біз «Innovation man» инновациялық жобалар әзірлеушілерінің байқауынан бастай отырып, «Сколково» Қазақстан жастары арасындағы инновациялық қызметтерді насихаттауға көмектесетініне  сенім білдіреміз. Бұл байқау биылғы жылы 29-қыркүйек-1-қазан аралығында өтетін Х KAZENERGY Еуразиялық Форум   барысында KAZENERGY Жастар форумы шеңберінде өткізіледі».

Жалпы, инновациялық жобаларды әзірлеу, бағалау және енгізуде тәжірибелі сарапшылармен ынтымақтастық жасау мұнай-газ саласындағы қазақстандық технологиялық әзірлемелер деңгейі көтереді, яғни осы арқылы кәсіпорындарда ЖЭК қолдану сапасы мен мүмкіндіктері  артады деп жоспарланып отыр.

«Сколково» қорының Энергиялық тиімді технологиялар кластерінің Атқарушы директоры,  Вице-президент Николай Грачёв: «KAZENERGY – Қазақстандағы инновациялық бизнесті дамыту үшін қауымдастық ұсынатын мүмкіндіктер тұрғысынан және де Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешенінің компанияларымен практикалық диалог жүргізу  тұрғысынан біз үшін сөзсіз тиімді серіктес. «Сколково»  қорының мүмкіндіктерін қоса алғанда,  KAZENERGY қауымдастығының осы саладағы беделі,  серіктестік байланыстың ауқымды желісі, халықаралық ынтымақтастықты  және инновацияларды қолдауды көздеу ЖЭК инновациялық технологияларын дамыту саласындағы  Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.»

«KAZENERGY» қауымдастығының баспасөз қызметі

79 01 81

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту