VIII KAZENERGY Жастар форумы «ЖАСТАР. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯЛАР»

размер шрифта: Aa | Aa
24.06.2015 18:50
kef mk

2015 жылғы 29 қыркүйек – 1 қазан аралығында  Х Еуразиялық   KAZENERGYФорумы: «Энергетиканың жаңа көкжиегі: әріптестік пен инвестициялардың тың мүмкіндіктері»  шеңберінде дәстүр бойынша «ЖАСТАР. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯЛАР» тақырыбында Жастар форумы өтеді.

Дәстүр бойынша Форум бағдарламасы  тренингтер, семинарлар және мұнай-газ саласының белгілі тұлғаларының шеберлік кластарын қамтиды. Көршілес мемлекеттерден жоғары лауазымды қонақтар да келеді деп күтілуде. Жастар форумының алаңында әр жылдары РФ Энергетика министрі  Александр Новак, ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин, «Теңізшевройл» бас директоры Тим Миллер,  Дүниежүзілік Мұнай Кеңесінің Президенті Рэндал Госсен,  сонымен қатар шетелдік және ұлттық мұнай-газ компанияларының бірінші басшылары да сөз сөйлеген болатын.

Бұған қоса, биыл екінші рет өткелі отырған  мұнай-газ және энергетика саласының инновациялық жобаларын әзірлеушілерінің  «Innovation man» атты байқауының жеңімпаздар тізімі жарияланады. Бұл жобаның мақсаты: инновацияға  жаңа көзқарастарды ашу, интеллектуалдық дағдыларды дамыту және жастар арасында ғылымды насихаттау. Байқау «ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ қолдауымен өткізіледі.

KAZENERGY Жастар форумы  –  мұнай саласының  белді тұлғалары мен  болашағынан үміт күттіретін жастардың диалог құратын алаңы. Қатысушылар мұнай-газ саласының негізін қалаушылардың жинақтаған тәжірибесіне қанығып,  оны ертең  саланы дамытуға қолдануға зор мүмкіндік алады.  Онымен бірге,   саланы дамытудың жаңа векторының негізін қалай отырып, мұнай-газ индустриясының инновациялық құрамдас  бөлігіне өз үлесін қосуға да себепші болады.  Осылайша, Форум шеңберінде инноваторлар өздерінің әзірлемелерін және жаңа технологияларды таныстыра алатын, ал өндірушілер жаңа таланттар мен  жаңа инновациялық идеяларды таба алатын  инновациялық жоба әзірлеушілерінің  көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Биыл Форумда Сафи Өтебаев атындағы KAZENERGY  үздік стипендиаттары алтыншы рет бас қосады. Бұл стипендиялар KAZENERGY білім беру бағдарламасы шеңберінде өткізілген байқаулардан өткен мұнай-газ мамандығының  үздік оқытушылары мен  студенттеріне беріледі.

Баспасөз қызметі

79 01 81

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту