«KAZENERGY» қауымдастығы басшылығының өңірлік сессиясы

размер шрифта: Aa | Aa
25.06.2015 11:01

Таяуда «KAZENERGY»  қауымдастығының Қауымдастық мүшелері -  Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласының компанияларына арналған  кезекті өңірлік сессиясы аяқталады.  

Кездесудің басты мақсаты – Қауымдастық тарабынан күрделі мәселелерді шешуге  көмек көрсету үшін оларды айқындап алу.

Сапар барысында қазақстандық және шетелдік мұнай-газ компанияларымен, соның ішінде «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС,  «ҚазТрансГаз» АҚ,  «Өзенмұнайгаз» АҚ,  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ,  «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, North Caspian Operating Company B.V. (NCOC), Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO),  Шлюмберже Лоджелко Инк.  және көптеген тағы басқаларымен кездесулер өткізілді.  

Қауымдастық атынан кездесулерді Бас директор әсет Мағауов және KAZENERGY атқарушы комитеті  өткізді. Мұнай-газ компанияларының өкілдері  экология, салық салу, өндіріс, заңнамалық база және жер қойнауын пайдалануға  қатысты күрделі мәселелер туралы сөз қозғады.   

KAZENERGY қауымдастығы алға қойған мәселелерді басшылыққа ала отырып, елдің отын-энергетикалық кешенін дамыту жолындағы мәселелерді шешуге  қолда бар барлық  құралдарды  барынша жұмсайтын болады.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту