«KAZENERGY» қауымдастығы жанындағы Заңнамалық кеңестің сарапшылық мәжілісі

размер шрифта: Aa | Aa
29.06.2015 12:40

26-маусымда  «KAZENERGY», қауымдастығы жанындағы  Заңнамалық кеңестің сарапшылық мәжілісі  өтті, оның барысында  ҚР Еңбек кодексін толықтыру, «Өндірісті  және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеу туралы» заңнамаға өзгерістер енгізу боынша ұсыныстар, экологиялық және салық заңдарын жетілдіру, жер қойнауын пайдаланушылардан экологиялық және салық айыппұлдарын эмиссиялар және басқа мәселелер есебінен өндіріп алу қажеттілігі   қарастырылды.   

KAZENERGY  атқарушы директоры Заңғар Ноғайбай  қатысушыларға  қауымдастық мүшелерімен бірлесіп әзірленген заңнамалық тұжырымдамалық бастамаларды алға бастыру туралы айтып берді.

Электр энергетикасы нысанларын салу кезінде туындайтын күрделі мәселелер туралы "KEGOC» АҚ Заң департаментінің директоры Төлеген Сафуани баяндама жасады.  Ол  жалпы ел экономиксы үшін, сол сияқты электр энергетикасы саласы үшін маңызды жобаларды іске асыра отырып және   меншікті нысандағы заңды тұлға бола отырып акционерлік қоғам   көптеген меншік иелерінен жер учаскелерін сатып алу мәселелерін өз бетінше шешуге мәжбүр болып отырғанын  атап көрсетті.

Мәжіліс барысында Қауымдастықтың болашағына қатысты бастамалар, жоспарлар және преспективалар сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша   қатысушылардың баяндамалары және  заң жобаларын алға бастыруға қатысты олардың ақпараттары назарға алынды. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту