Сафи Өтебаев атындағы білім гранты қазақстандық бес оқытушыға беріледі

размер шрифта: Aa | Aa
08.07.2015 09:23
111       kmg

 «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және KAZENERGY қауымдастығы ҚР мұнай-газ ЖОО оқытушылары арасындағы 2015 жылға арналған  «Сафи Өтебаев атындағы білім гранты» байқауын қорытындылады.  Жалпы алғанда байқауға Республиканың 20-дан астам оқытушысы қатысты. Байқау комиссиясының құрамына KAZENERGY қауымдастығының мүшелері мен серіктестерінің 15 өкілі кірді.

Байқау  қорытындысы бойынша қазақстандық бес оқытушы білім грантының игереі атанды.  Олар: Дина Түменбаева, Атырау  политехникалық  колледжі,  Мария Сарт – Бейнеу политехникалық  колледжі, Жақсылық Байтайлақов – Геологиялық барлау колледжі, Манар Сисалиева – Орал  газ, мұнай және    салалық технологиялар колледжі, сонымен қатар Ақтөбе  политехникалық  колледжінің оқытушысы Асқар Аймұқатов.

«Сафи Өтебаев атындағы білім гранты» байқауы қазақстандық мұнайға 110-жыл мерейтойына орай белгіленіп, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және KAZENERGY қауымдастығының бастамасымен жыл сайын 2009 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр. Қатысушылар ғылыми жетістіктері, оқулықтар, әдістемелерді  әзірлеуге қатысуы, оқу процесінде инновациялық оқу технологияларын пайдалануы, студенттердің және басқалардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етуі бойынша бағаланады.  

Анықтамалық: КСРО құрметті мұнайшысы Сафи Өтебаев 1909 жылы Қызылқоға ауданында туған.  ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері қазақтардан шыққан бірінші мұнайшы.  Өтебаев  ҚР мұнай өнеркәсібінде 40 жылдан астам еңбек етті, қатардағы инженерден бастап «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бастығы, Атырау және Батыс Қазақстан Совнархоз төрағасы қызметіне дейін көтерілді. 1938 жылы Өтебаевтың бастамасымен Атырау қ. бірінші мұнай өңдеуші зауыт салу туралы шешім қабылданды.

Сафи Өтебаев жас буынға қамқорлық көрсетті, жастардың институтқа түсуіне, мұнай техникумдарын техникалық жарақтауға көмектсті. ҚазПТИ мұнай факультеті тікелей Өтебавтың атсалысуымен ашылды, ол көп жылдар бойы осы институттың студенттерімен және оқытушыларымен тығыз қарым-қатынаста еңбек етті. Оған қоса, ол соңғы жиырма жылда  Кеңес Одағының  жоғары мұнай оқу орындарына  Қазақстан мектептерінің 100  түлегі   жыл сайын байқаудан тыс қабылдануы туралы Үкіметтің арнайы шешіміне  қол жеткізді.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту