«INNOVATION MAN» инновациялық жобаларының байқауы басталды

размер шрифта: Aa | Aa
09.07.2015 21:15

«Innovation man»  - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның  демеушілік көмегімен KAZENERGY қауымдастығы «Сколково» қоры және Мәскеу қ. Политехникалық мұражаймен бірлесіп ұйымдастырып отырған мұнай-химия, мұнай-газ, атом және энергетика саласындағы инновациялық жобаларды әзірлеушілердің байқауы. Бұл жоба VIII «ЖАСТАР. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯЛАР» Жастар форумы шеңберінде бастау алды. «Innovation man» байқауы интеллектуалдық дағдыларды дамытуға және  ғылымды насихаттауға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Осы саладағы нақты күрделі мәселелерді шешу үшін инновациялық жобаларды енгізу – басты мақсаттардың бірі.

Байқау ІІ кезеңмен жүргізіледі, біріншісі – іріктеу кезеңі, екіншісі – жобаны  таныстыру және қорғау кезеңі. Жобаларды іріктейтін І кезеңнің негізгі талаптарына жобаның жаңалығы және инновациялық құрамдас бөліктері, тәжірибелік үлгінің немесе модельдің болуы, іске асырылған іс-қимылдардың болуы, жобаның коммерциялық әлеуеті және іске асырылуы, жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы  жатады.  ІІ кезеңде жобаны таныстыру немесе қорғау  негізінде жеңімпаз анықталады, осы орайда іріктеудің негізгі, қосымша талаптарына қоса финалда  таныстырудың мазмұндылығы, таныстыру дағдылары, сендіре білу, қатысушының дарындылығы, сонымен қатар  сұрақтарға  берген жауаптары сияқты  іріктеу  талаптар қойылады.  Құрамына KAZENERGY қауымдастығы, «Сколково»  қоры және Мәскеу политехникалық мұражайының  өкілдері кіретін байқау комиссиясының екі кезең бойынша шығарған қорытындысы негізінде 3 озат жоба анықталады.

 «Innovation man» байқауының жеңімпаздарына «Назарбаев Университетінің», ҚБТУ МВА дәрежесіне оқу  гранттары, «Сколково» қорынан 5 млн рубльге дейінгі грант беріледі. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жас инноваторлары үшін ұйымдастырылып, 2016 жылы өткізілетін «Сколково» шараларына қатысуға, сонымен қатар  X Еуразиялық KAZENERGY форумының Energy4us: «Инновациялық энергетика» көрмесі шеңберінде стендке қатысуға мүмкіндік беріледі..

Инновациялық жобаларды әзірлеушілердің «Innovation man» байқауы осымен екінші рет өткізіліп отыр. Дебюттік жоба 2014 жылғы  8-қыркүйекте Атырауда ұйымдастырылды. Бұл байқауға жалпы саны 20 адам қатысты. Бөкетов ат. ҚарМУ ғылыми қызметкері Айша Матаева жүлделік қоры 300 000 теңгені құраған  өзінің "Нанокаталиттік жүйелердің қатысуымен (200-300 С) мұнайдың орта фракцияларын кавитациялық өңдеу" атты жобасымен байқау жеңімпазы атанды.

Өтініштер  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек . электронды мекенжайы бойынша 2015 ж. 31-шілдеде қабылданады.

Анкета

«Жаңа энергетика көкжиектері: ынтымақтастық пен инвестициялар келешегі» Х Еуразиялық KAZENERGY форумы Астана қаласында қыркүйектің 29-ы мен қазанның 1-і аралығында өтетінін естеріңізге саламыз. Соңғы 10 жыл ішінде  Еуразиялық KAZENERGY Форумы тұтас энергетикалық өнеркәсіптің және мұнай-газ саласының кәсіпорындарын біріктіретін ықпалды әрі беделді диалог алаң ретінде қалыптасты. Еуразиялық Форум Қазақстанның ірі  салалық халықаралық іс-шарасы болып табылады.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту