KAZENERGY қауымдастығында Әйелдер Энергетикалық Клубының (ӘЭК) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ трансформациялары тақырыбында дөңгелек үстел өтті

размер шрифта: Aa | Aa
09.07.2015 12:04

Портфельдік компаниялардың операциялық тиімділігін осыған ұқсас шетелдік компаниялар деңгейіне дейін көтеру, сонымен қатар мақсатты КТС бір уақытта қол жеткізуді қамтамасыз ету  мақсатында Қорды қайта құру пікірталастың басты мақсаты болды.

Дөңгелек үстелдің  жұмысына: «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Бас директорының активтерді басқару жөніндегі        орынбасары Алексей Пирогов, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ,  «ҚТЖ» ҰК» АҚ, АО «Қазпочта» АҚ және  басқа да компаниялардың басқарма  басшылары қатысты.

Трансформация бағдарламасы үш бағытты қамтиды. Олар: портфельдік компаниялардың құнын көтеру, Қордың портфель құрылымын  және инвестициялық қызмететрді жүргізу тәсілдерін өзгерту, Қорды  және оның портфельдік компанияларын басқару жүйесіндегі өкілеттілік пен жауаптылықты бөлу.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Лариса  Зямзина баяндама жасады. Ол портфельдік компаниялардың құнының өсуі Қордың және портфельдік компаниялардың басқарушылық, операциялық және қолдаушы бизнес-процестерінің тиімділігін арттыруға тікелей байланысты екенін түсіндірді.   2013 жылғы Қор қызметтерінің талдауы осындай халықаралық компаниялар  өздері салған капитал деңгейімен бірдей  пайда түсіретінін көрсетті. Малайзияның  КhazanahNasiоnalBerhad және Сингапура Temasek компаниялары  осыған ұқсас қайта құрылымдауды жоспарлап отыр. Лариса  Зямзина операциялық шығыстарды біршама 2% ғана оңтайландырудың өзі  компаниялар  тобы бойынша 90 млрд. теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретінін, ал Қор  өз алдына жоғары міндеттер қойып отырғанын түсіндірді.

«Негізгі бизнес-процестердің тиімділігін  арттыру үшін 2014 жылдың басында Қор үш портфельдік компанияда реинжиниринг бағдарламасын бастаған болатын. Олар:  «Қазақстан Темир Жолы» ҰК» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ және  «Қазпочта» АҚ. Бизнес-процестерді компания қызметтерінің жекелеген бөліктерінде жетілдіру емес, компания қызметінің тиімділігін және құнының өсуін жүйелі түрде арттыру бизнес-процестерді оңтайландырудың негізгі мақсаты болып табылады.  Бизнес-процестерге жетекші халықаралық тәжірибелер негізінде сипаттама жасауға болады. Қажетті біліктілігі бар мамандарды жалдау және олардың біліктілігін арттыруды  қамтамасыз ету реинжиринг жүргізудің негізгі қағидаттарының бірі болмақ. Қордың, сәйкесінше портфельдік компаниялардың  бизнес-процестерін оңтайландыру жеңілдетіледі және жақсартылады», - дейді  Лариса Зямзина.

«KAZENERGY»  қауымдастығы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша,  соның ішінде Қор топтарының хабардарлығын арттыру және трансформация мақсаты мен міндеттері туралы  көпшілікке жариялау стратегиясын әзірлеу бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынды.

 «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» ҚР-ның  2050 жылға дейін әлемнің 30 дамыған мемлекеттерінің қатарына кіруі сияқты жоғары мақсат қойылғанын естеріңізге саламыз. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін  экономиканы инвестициялау ауқымын ұлғайту  және еңбек өндірімділігін арттыру - Республика үшін бірінші кезектегі мәселе. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  елдегі бірқатар ірі активтерге иелік ететініне байланысты Қор Стратегияға қол жеткізу үшін талап етілетін жағдайларды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Анықтама: KAZENERGY қауымдастығы жанынан құрылған Әйелдер Энергетикалық Клубының қызметі мұнай-газ салысының гендерлік саясатына байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін  әртүрлі елдердің мұнай-газ және энергетика секторының беделді өкілдерін біріктіруге бағытталған. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту