15 қыркүйекте ҰКП Президиумының мүшесі Д.Абылғазинның төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Мұнай-газ өндірісі комитетінің 13-ші мәжілісі өтті

размер шрифта: Aa | Aa
18.09.2015 21:25

«Трансферттік баға белгілеу туралы» ҚР Заңын  қолдану қиындықтары, 2016 жылдан бастап мұнай базаларына бақылау аспаптарын орнату және ҚР мұнай-газ саласындағы кәсіптер тізімін даярлау  күн тәртібіндегі негізгі талқыланатын мәселелер  болды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша комитет «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан салық органдары мен мұнай экспорттаушы компаниялардың өкілдерінің қатысуымен дифференциалды растайтын құжаттарды қолдана отырып экспорттау бағыттары бойынша баға есептеу критерийлерін талқылау және  баға белгілеу әдістемесіне енгізу үшін  жұмыс тобын құруды ұсынды. Жұмыс тобы нарық қатысушыларының бәрі бірдей әдістемені қолдануы және салық салуға байланысты тәуекелдерді болдырмау үшін ҚР Үкіметіне ұсыныстар әзірлейді деп жоспарлануда.

 Мұнай базаларына есептеу аспаптарын ортану мәселесіне қатысты «Атамекен»  ҚР ҰКП  ҚР қаржы министрлігіне  бұрынырақ  2016 жылы  белгіленген орнату мерзімдерін алып тастау немесе ұзарту туралы ұсыныс хат жазады. Ұлттық палата өкілдерінің пікірінше міндетті түрде КПУ орнату және оған қызмет көрсету бірқатар қаржы шығындарын және ұзақ мерзімді талап  етеді. Осы орайда, КПУ-ге қойылатын жоғарылатып мәлімденген талаптар іс жүзінде тиісті деңгейде қолданылмайды. Қазіргі уақытта мұндай жұмыстарды орындау  бизнестің осы сегментіне  мұнай өнімдері нарығын бақылау және мониторингілеу саласындағы мемлекет үшін расталмаған нәтиже кезінде қосымша жүктеме артады. КПУ  ортану бойынша қағидалар «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңы қабылданғаннан кейін төрт жылдан соң ағымдағы жылдың маусым айында  ғана бекітілгенін атап көрсеткен жөн. Осылайша, мұнай базалары мен мұнай өңдейтін зауыттар жарты жыл ішінде бұл нысандар  аса қауіпті нысандарға жататындықтан өз кезегінде мемлекеттік сараптамадан өткізілуі тиіс жұмыс жобасын әзірлеу, мердігерлерді іріктеу, құрылыс-монтаждау жұмыстары, бағдарламалық қамсыздандыруды орнату және әзірлеуді   қоса алғанда, КПУ орнату бойынша  барлық рәсімдерден өтуі тиіс.  Бұл жұмыстың үстіміздегі жылдың аяғына дейін еліміздің саны 350-ден асатын барлық мұнай базаларында жүргізілу  тиістігі де күмән туғызып отыр. Бұл жағдай ішкі нарықты мұнай өнімдерінің барлық түрлерімен қамтамасыз етуге   салмақты әсерін тигізуі мүмкін.

Жоғарыда аталған Қағида талаптары  орындалмаған жағдайда заңнамада қатаң ықпалшаралар қарастырылған. Мысалы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сай мұнай базалары мен МӨЗ-ге мұнай өнімдерін тәркілеуге қоса үлкен мөлшерде айыппұл салынады.  Мұндай жағдайда, мұнай базалары мен мұнай өңдейтін зауыттарды қызметін тоқтату туралы мәселе туындауы мүмкін.

ҚР мұнай-газ саласындағы кәсіптер тізімін KAZENERGY қауымдастығы мұнай-газ саласындағы салалық кәсіптерді  кәсіптік қызметтердің негізгі топтары және қосымша топтары бойынша жүйелеу және құрылымдау мақсатында әзірледі.  Салалық министрліктерге  мұнай-газ саласының кәсіптеріб ойынша бірыңғай тарифтік-квалификациялық анықтамалықты жаңарту, сонымен қатар мұнай-газ саласы үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу  кезінде тізімді пайдалану ұсынылды.

Оған қоса, мәжілісте «Қазақстанның Сервистік компанияларының одағы»  ЗТБ-ны ҰКП мұнай сервисі саласындағы  белгілі бір атқарымдарын  атқаруға тарту туралы шешім қабылданды.  Сонымен бірге, мәжіліс қатысушылары   алдағы Ұлттық энергетикалық баяндаманың және Біртұтас еуразиялық мұнай, газ және мұнай өнімдері   нарығының  тұжырымдамасының  шығарылымына орайластырылып отырған Х Еуразиялық KAZENERGY форумына  даярлық мәселесін де талқылады.    

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту